Балалар

“Жас дарын” өнер мектебінде ашық сабақ өтті

Хореография, эстрадалық вокал мен бейнелеу өнері. Аталған бағыттар бойынша сенбі күні “Жас дарын” өнер мектебінде ерекше ашық сабақ өтті. “Бұлақ көрсең көзін аш” демекші”, мұндағы ұстаздар қауымы баланың шығармашылық қабілетін дамыту турасында тәжірибелерімен бөлісті. Нәтиже баршылық. Шәкірттері бүгінде түрлі додаларда үздіктер қатарынан көрініп жүр.

Бұл жаттығулар дикция, яғни тілдің тазалығы, дыбыстың ашық әрі анық айтылуы үшін жасалады. Эстрадалық вокал сабағына баратын жеткіншектер дәріс алуларын осылай бастап, кейін дайындаған әндерін орындайды.

Капитолина Петрова болашақта әнші болуды армандайды. Ол бүгінгі ашық сабаққа “Не дразните собак” атты туындыны дайындапты. Капитолинаның өнер мектебіне келіп жүргеніне биыл 1 жыл толған екен. Жеткіншек осы аралықта үйренгенім көп дейді.

Капитолина Петрова- “Жас дарын” өнер мектебінің тәрбиеленушісі:

– Өнер мектебіне құлшына келемін. Ұстазым мені ән айтарда дұрыс тыныс алу қажеттігін, сондай-ақ жоғарғы, төменгі ноталарды қалай алу керектігін үйретті.

Ал мында хореография сабағы өтіп жатыр. 6-7 жастағы балалар аптасына 3 рет 1 жарым сағаттан дайындалады екен. Бүгінгі ашық сабаққа келген ата-аналар қыздарының аз уақыт ішінде жеткен жетістіктерін көріп бір марқайып қалды.

Оксана Руднева- ата-ана:

– Ұстаздары өте қарапайым. Баламен тез тіл табады. Маған олардың шәкірттерімен жұмыс жасау тәсілі ұнайды. Сабақ барысында осал тұстарын байқағанның өзінде балаға қолдау көрсетіп, мақсатқа бірге жетеді.

Жалпы, бүгінде “Жас дарын” өнер мектебіне 400-ге жуық бала барып жүр. Оларға 33 маман білім береді.

Актолкын Солтанханкызы