Анасы мен қызын өлтірген Игорь Дементьев 21 жылға сотталды

МТРА жаңалықтары, Қоғам

21:10 15 Қараша 2019

Анасы мен оның 3 жасар қызын аяусыздықпен өлтірген Игорь Дементьевке қатысты бүгін сот үкімі шықты. Қатыгез қылмыскер 21 жылға сотталды.

Еске салсақ, жаға ұстатарлық оқиға тамыздың 7-сі Мамлютка қаласында орын алған болатын. 25 жасар Дементьев марқұм Айнагүл Дүйсекинамен бірге ішімдік ішкен соң екеуінің арасында жанжал туады, ал оның арты төбелеске ұласады. Қылмыскер ағашпен әйелді, кейін оның 3 жасар қызын ұрып тастап, естерінен тандырған. Бұдан соң қолына пышақ алып, екеуін қатігездікпен өлтіреді. Кейін марқұмдардың үстіне отын үйіп, түк болмағандай ұйқыға кетеді. Келесі күні Дементьев қаза тапқан келіншек пен оның қызының құлақтарынан сырғаны шешіп алып қана қоймай, марқұмның банк карточкасын да ұрлап кетеді. Оның ішіндегі 16 мың теңгені танысының көмегімен Петропавл банкоматтарының бірінен шешіп алады, ал сырғаларды ломбардқа тапсырады. Сот отырысы барысында айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындады. Қаза тапқан Айнагүл Дүйсекинаның ағасы мен кішкентай қыздың әжесі моральдық өтемақы ретінде қылмыскерден әрқайысы 50 млн теңгеден сұраған екен. Сот бұл соманы шамадан тыс өсірілген деп тапты. Марқұмдардың екі туысқаны 2,5 млн теңгеден алады.

Дастан Исмаилов – қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– Дементьев Игорь Владимирович ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлімі, 1,3,5 және 14-пункттері бойынша және 188-бабының 1-ші бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 21 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі жоғарғы деңгейдегі түзету мекемесінде өтейтін болады.

 

Саят Ермек

 

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да жүзеге асатын инвестициялық жобалар пысықталды
Айналаны ластағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Қазақстандықтар онлайн түрде құрбандық шала алады
Қызыл Обадағы қазба жұмыстары уақытша тоқтатылды
Арнайы репортаж 06.07.20
Жұма және демалыс күндері дыбыстық хабар таратылады
Вокзал маңындағы жатақхана жөнделіп жатыр
Тамыз айында қанша күн дем аламыз
13 шілде – Ұлттық аза тұту күні
Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев отставкаға кетуі мүмкін
Маусымдағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 224 теңгені құрады
Кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау басталды