Құқық қорғау органдары

Тұрғылықты мекені жоқ жандар арнайы мекемеге жеткізілуде

Тәртіп сақшыларының берген мәліметі бойынша биыл тұрғылықты мекені жоқ 233 адам есепке алынған. Оның жартысына жуығы қалада жүрген көрінеді. Ауа райының суытуына байланысты полиция қызметкерлері қазір арнайы рейд ұйымдастыруда. Шара барысында үй-күйсіз жандар анықталып, қабылдау-тарату мекемесіне жеткізіледі.

Қазір ауа райы күннен-күнге суытып барады. Бүгін қар түссе, ары қарай аяздар жақындайды. Осындай уақытта тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға қауіп төнеді. Түнде олардың суықтан жазым болуына жол бермеу үшін тәртіп сақшылары рейдтік шараларды өткізуді жиілетті. Кезіккен үй-күйсіздерді арнайы қабылдау-тарату мекемесіне жеткізеді.

Руслан Алибаев – Петропавл қалалық ПБ қабылдау-тарату мекемесінің бастығы:

– Қабылдау-тарату мекемесініе жеткізілген адамдар ең алдымен тиісті тексерістен өтеді. Яғни олардың басқа қылмыстарға қатысы бар ма, жоқ па – сол анықталады, іздеуде жүрген адамдармен ұқсастығы қаралады. Жыл басынан бері 233 адам есепке алынды, оның 110-ы қалада жүр.

Қалған 123 тұлғаның 65-і аудандарда тұрады екен. Олар көбінесе қосалқы шаруашылықтарда тиын-тебен табатын көрінеді. Ұшарын жел, қонарын сай білетін жандардың дәл қайсысы қалада, қайсысы ауданда жүргенін анықтап білу қиынға түседі екен. Тіпті, кейбіреуі қылмысқа барып, кейін жасырынып қалуы мүмкін. Жалпы, жыл басынан бері полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 11 қаңғыбасты тапқан, оның 5-уі – қылмыскерлер.

Дмитрий Объедков:

– зима пришла- что, ты как думаешь? – Сейчас вот должен меня Сеня забрать, опять уеду…я приехал так, чуть-чуть… отдохнуть. А так уеду. – Как отдыхаешь? – Пойдёт. – Пьёшь? – Пью…

Бүгінде қалада тұрып жатқан 110 қаңғыбастың 70-і – ер адамдар, ал қалғаны – әйелдер. Арасындағы 23-інің жастары 30-ға дейін. Полиция қызметкерлері олардың әрқайсысын таниды, өйткені үй-күйсіздер қабылдау-тарату мекемесіне жиі түседі. Мұнда әр қаңғыбасқа тәртіп сақшылары Әлеуметтік бейімдеу орталығының көмегін пайдалануға болатынын айтады екен. Оны тек естір құлақ болса…

Ешкенова Дана