“Үздік техникалық жобалар” байқауының облыстық кезеңі өтті

Қоғам

21:24 12 Қараша 2019

Қайықтағы үй, ерекше спорттық алаң және күн мен желдің қуатымен жұмыс істейтін су мұнарасы. Осы және өзге де тың идеялар “Үздік техникалық жобалар” атты облыстық байқау барысында ұсынылды. Ғылыми жұмыстардың авторлары – оқушылар мен студенттер.

Мерей Әмірбек “Парасат” мектеп-лицейінің 9-шы сыныбында оқиды. Ол бүгінгі сайысқа қыркүйек айынан бастап дайындалған екен. Жасөспірімді шалғай орналасқан ауылдардағы таза ауыз су мәселесі толғандырады. Ол өз жобасында күрмеулі жайттың шешімін көрсеткен.

Мерей Әмірбек – байқауға қатысушы, Қызылжар ауданы:

– Су мен электр желілерін тарту көп қаражатты талап етеді. Менің жобам экономикалық жағынан елімізге үлкен пайда тиігізеді.  Күн энергиясы мен жел генераторының энергиясы аккумуляторда жинақталады. Оның көмегімен бүкіл қондырғылар жұмыс жасайды. Кейін су мұнараға жинақталып, басқа жерлерге таратылады.

Ал мынау қайық үстінде орналасқан үй – Ердос Утигеновтың жобасы. Ол Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде құрылысшы мамандығы бойынша оқиды екен. Ердос бұл бастама еліміздегі туризмнің дамуына үлес қосады деген ойда. Ағаштан жасалған баспанада тұрмысқа қажеттінің барлығы бар.

Ердос Утигенов – байқауға қатысушы, Петропавл қаласы:

– Мұндай идея маған 2-курста оқып жүргенде келді. Кейін оқытушыларым қолдап, сайысқа қатысуды ұсынды. Қазір мен ойымды әлі дамыту үстіндемін, жұмыс жасайтын жерлері көп. Қайықтағы үй қоршаған ортаға еш зиян тигізбейді. Қалдықтар арнайы орында сақталып, жағаға шыққан кезде ғана көзі жойылады.

Өнертапқыш жастар экология, туризм мәселелерінен бөлек жаңа робот құрастыру, ерекше сауда орталығы мен спортық алаң салуды ұсынды. Қалай дегенмен, қазылар алқасының талабы мықты әрі өзіндік бағалау критерийлері бар. Олар жобаның тиімділігі, өзектілігі мен құрылымына баса мән береді.

Амангелди Кабдулбариев – Қазақ мектеп-гимназиясының технология пәні мұғалімі:

– Байқауға оқушылар мен колледждердің 1-2 курс студенттері қатысып жатыр. Сайыс қызықты өтуде. Жастардың идеялары тамаша, болашағынан зор үміт күттіреді. Тіпті республикалық деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндіктері бар.

20-дан астам дарынның арасынан таңдап алынған үздік авторлар келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық сайысқа қатысады.

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы

 

Бұдан әрі оқыңыз

Картамен төлем жасау көрсеткіші артып келеді
Шаһарда заманауи шығармашылық фестивалі өтті
Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі есеп берді
Өз ісінің үздіктері марапатталды
Ақжар ауданының әкімі атқарылған істі баян етті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар
Пиротехникалық заттарды дұрыс қолданған жөн
Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Петропавлға келді
Айыртау ауданының әкімі журналистер алдында есеп берді
Анасы мен қызын өлтірген Игорь Дементьев 21 жылға сотталды
Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы таныстырылды
Кәсіподақ өкілдері марапатталды