ТЖ

Өңірде өткен апдада 15 өрт оқиғасы тіркелді

Өткен жұмада облыс аумағында 15 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 жерлесіміз көз жұмды. Ал 4 бірдей балықшы суға кеткен. Соңғы қайғылы жағдай кеше Жамбыл ауданында орын алды.

Әдетте, өрт оқиғаларының саны жылыту маусымында жиілей түседі. Тілсіз жауға әкеп соқтыратын себептердің бірі – салғырттық. Облыста өткен аптаның өзінде 15 өрт оқиғасы орын алып, салдарынан 2 адам жазым болған. Соңғы жайт кеше ғана Есіл ауданындағы Ильинка селосында тіркеліпті. Онда жеке тұрғын үй өртеніп, қызыл жалынды ауыздықтау барысында 89-ші жылғы ер адамның мәйіті табылған.

Нұрлан Атығаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Бұдан бөлек өңірде иіс тию оқиғалары да азаяр емес. Жуырда ғана Петропавлда улы газдан анасы мен баласы уланған болатын. Олар тез арада ауруханаға жеткізілді. Қазір зардап шеккендердің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Кеше Бескөл ауылында да осындай жағдай орын алды. Абырой болғанда барлығы дін аман.

Мамандардың айтуынша осындай оқиғаларға көп жағдайда адамдардың немқұрайлылығы себепші болып отыр. Сондықтан, құтқарушылар тұрғындарға тиісті қауіпсіздік ережелерін ұмытпау қажеттігін ескертеді. Өзен-көлдің бетінде де сақ болған жөн. Өйткені, алдамшы мұз жарылып кетуі мүмкін. Өткен аптада су 4 бірдей балықшының өмірін жалмаған.

Нұрлан Атығаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Қарашаның 10-ы күні балық аулауға шыққан Жамбыл ауданының тұрғыны үйне оралмаған. Кейін мамандар іздестіру шарасын бастайды. Нәтижесінде кеше сағат 12-лер шамасында 1964 жылғы ер адамның денесі Пресновкаға жақын жердегі Соленое көлінен табылды.

ТЖД мамандары қарапайым қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстау керектігін тағы бір қайтара ескертеді.

 

 

Ешкенова Дана