Құқық қорғау органдары

Жолда жүру ережесін бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Облыс аумағында 4 күннің ішінде жолда жүру ережесін бұзуға қатысты 2 мыңға жуық факті тіркелген. Оның денін қауіпсіздік белдігін тақпау жайттары құрап тыр. Өңірде қарашаның 7-сі мен 10-ы аралығында өткізілген «Мас жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасы қорытындыланды.

Жедел алдын алу іс-шарасына 350-ден астам патрульдік полицей мен учаскелік полиция инспекторы қатысты. Және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге автопатруль жұмылдырылды. Профилактикалық рейдтер тек елді мекен төңірегінде ғана емес, қала сыртындағы жолдарда да жүргізілді.

Баян Байғаскина – СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:

– Осы іс-шараның негізгі мақсаты – жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті жоғарылату, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сонымен қатар жүргізушілермен көлік құралдарын мас күйінде жүргізуін болдырмау болып табылады.

– Надо же внимательнее быть! Встречный транспорт надо пропускать. Я вас понял. Давайте, предупреждаю вас. В следующий раз повнимательнее будьте.

4 күн ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 1821 фактісі анықталды. 35 жүргізуші көлікті мас күйде басқарса, 171 адам жылдамдықты асырған.

Сондай-ақ, 51 жүргізуші көлігіне техникалық тексерту жасатпаған болса, 40 адам маневр жасау ережесін бұзыпты. Қауіпсіздік белдігін тағуға немқұрайлы қарайтындар да аз емес. Полицейлер ортақ тәртіпті елемегендерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды. Кейбіреулерін жүргізуші куәлігінен де айырды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тұрғындарды көліктің дөңгелектерін қысқыға ауыстыру қажеттігін айтып, жылдамдық режимін қатаң сақтауды ескертті.

 

 

Бердимурат Баймухан