Әр түрлі

Қалада тағы бір “Шығыс кілемдер” салоны ашылды

Алматының әдемі, Шымкенттің шырайлы, Түркияның тоқымалы кілемдері – Петропавлда. “Достық мол” сауда және ойын-сауық орталығында тағы бір “Шығыс кілемдері” салоны ашылды. Түрлі түсті тауарлар тек табиғи материалдан жасалған.

Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Иран, Белгия және Түркия. Мұндағы түрлі түсті кілемдер 6 мемлекеттен жиылған. Салон иелерінің сөзінше, Алматы, Шымкент пен Қызылордада әзірленген тауарларға тұрғындар тарапынан сұраныс аса жоғары көрінеді.

Маржан Қасымбек – тілші:

– Бұл кілем таза жүннен тоқылып, қазақи оюмен өрнектелген. Оның ұзындығы – 3, ал ені 2 метрді құрайды. Бағасы – 100 мың теңге. Кілем әдемі, алыстан көз тартады әрі өте жұмсақ екен.

Қарасаң көздің жауын алатын мына бір бұйымды араб кілемі деп атайды екен. Бір ерекшелігі, ол түксіз болғандықтан өте жеңіл келеді. Сондықтан, оны жерге төсеуге де, қаласаңых тіпті қабырғаға іліп қоюға да болады. Ал, мына дүние Түркияда тоқылыпты. Өнімнің сапасы жоғары әрі өте қалың. Бастысы, тез тозып кетпейді, 40 жылдай пайдалануға жарайды.

Гүлмира Әубакирова – қала тұрғыны:

– Жуырда жолдасымыз екеуіміз пәтер алғанбыз. Басқа жерлерге барып қарап көрдік, біраз іздедік.

Ани Удаймамед – қала тұрғыны:

– Мұндағы кілемдер өте әдемі екен. Кірген сәттен-ақ бірден көздің жауын алады. Біреуін таңдап бағасын сұрап едім, айтарлықтай қымбат емес екен.

Бамбук, мақта және жүннен. Түрлі кескіндегі суреті бар кілемдер тек табиғи материалдардан әзірленген. Әрі кірлеген кезде оны жуып тазалау аса қиынға соқпайды. Кілемдердің бағасына келетін болсақ, өндірілген жері, өлшемі және қалыңдығына қарай түрліше белгіленген.

Лидия Голодникова – “Фирма Лита” ЖК директоры:

– Бізде саудаланатын кілемдер көп дегенде 50 жылға көркін жоғалтпайды. Бағасы өнімнің ұзындығы мен жасалған материалына қарай құбылады. Мәселен, ұзындығы – 2, ені 1 метр болатын кілемдердің бағасы 15 мың теңгеден басталады. Ал, жуынатын бөлмеге төселетін кілемшелердің бағасы – 18 мың теңге.

“Шығыс кілемдері” салонының ашылу салтанатына келген қауымның қатары қалың. Кейін жиналғандарға арнап «Алтын сандық» викторина ойыны өткізілді. Сұрақтарға дұрыс жауабын берген адамдар нөмірленген қағаздарды иеленді. Олар мына ыдыстың ішіндегі сандармен сәйкес келсе, қатысушыға бір кілем табысталады.

Петропавлдық Мәдина Искакова қонақ күтетін бөлмесіне кілем іздеп келіпті. Нәзікжанды таңдап жүріп, екі бірдей тауарды сатып алған болатын. Қала тұрғыны викторинаға қатысып, тағы 2-еуін жеңіп алды.

Мәдина Искакова – қала тұрғыны:

– Шынымды айтсам, қуанышымда шек жоқ. Салонның ең алғашқы клиенті болып 2 кілем сатып алып едім. Міне, тағы 2 кілемге ие болдым. Ең бастысы, мұндағы тауарлардың бағасы өте арзан.

Айта кетейік, “Шығыс кілемдері” салоны “DOSTYQ MALL” ойын-сауық орталығының бірінші қабатында орналасқан.

 

 

 

 

Маржан Касымбек