Мәдениет

“Күдер” ансамблі Дубайда халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

2 бірдей бас жүлде мен бірінші орын. “Күдер” ансамблі жуырда Дубайда өткен «Jumeirah sounds” (джумейра саундс) атты 3-ші халықаралық жастар байқауына қатысты. 7 елден жиналған дарындылардың арасында өнер көрсеткен жастар қанжығаларын мол олжамен майлап қайтты.

Домбыра – атадан балаға жеткен асыл мұра. Оның қос ішектен төгілген қоңыр саздары жүректі елжіретпей қоймайтыны рас. Бұл – жергілікті «Күдер» ансамблінің өнерпаздары. Оған өнер колледжінің студенттері мүшелік етеді. Мұнда қолдарына ұлттық аспап ұстаған жастар күнделікті дайындығын өткізеді. Күй құдіретіне бас иетін жерлестеріміздің жеткен жетістіктері де аз емес көрінеді.

Қазақстаннан бөлек, Франция, Онтүстік Корея және Германия. Жергілікті ұжым жуырда Дубайда өткен «Jumeirah sounds” атты 3-ші Халықаралық жастар байқауына қатысып келді. Қазанның 30-ы мен 31-і күндері аралығында ұйымдастырылған сайыс 3 жас аралығында өткізіліпті. 7 елдің өнерпаздары қатысқан бәсекеде Расул Өмірзақ бас жүлдеге ие болған.

Расул Өмірзақ – «Jumeirah sounds” 3-ші Халықаралық жастар байқауының гран-при иегері:

– Мен орта топта өз өнерімді көрсеттім. Құлсарының “Кербез керік” атты күйін орындап бердім. Қарсыластарым өте мықты болды.

Ал Камилла Мақпоз үлкендер тобында өнер көрсетіпті. Бойжеткен 2 турда халық композиторларының 6 күйін орындаған екен. Қос кезеңде де қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған Камилла 1-ші орынды иеленіпті.

Камилла Мақпоз – «Jumeirah sounds” 3-ші Халықаралық жастар байқауының бірінші орын иегері:

– 844 Өте қатты қобалжып, қорықтым. Бұл байқау мен үшін ең күрделісі болды деуге болады.

Көрерменнің көзайымына айналған өнерлі ұжым Францияның арнайы жүлдесіне әрі шақыртуына ие болған. Яғни, жерлестеріміз тағы бір Халықаралық конкурсқа қатыспақшы.

Тойкен Күдерова – “Күдер” ансамблінің жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері:

–  845 Қуаныштан не күлерімізді, тіптіп, жыларымызды білмей қалдық. Өйткені, 1 емес 2 гран-приді жеңіп алдық.

Айта кетейік, биыл “Күдер” ансамблінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Жергілікті ұжым мерейтойын өткізгеннен соң, Францияда ұйымдастырылатын Халықаралық сайысқа дайындығын бастамақшы.

Маржан Қасымбек