Құқық қорғау органдары

14 жастағы оқушы жардан құлап кетті

Серуендеп жүріп, биіктен құлап кетті. Сенбі күні қаламыздағы Жеңіс саябағында оқыс оқиға орын алды. Мұнда мектеп оқушысы абайсызда жардан құлады. Абырой болғанда бала дін аман. Оған жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіпті.

Қарашаның 2-сі, кешкі 10-дар кезі. Бұл уақытта жергілікті 2 жасөспірім Жеңіс саябағында қыдырып жүріпті. Бір сетте оқушылардың бірі биіктігі 30 метрді құрайтын жардан өзен жағасына құлап кетеді.

– там мальчик упал! — Где? — Упал мальчик. — Да ты что? — Там, мы здесь просто шли, получается, не увидели знак, он прошёл прямо и упал.— И что, где он? — Он там, где-то, снизу.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары жетеді. Ол бірден баланы іздеуге кіріседі. Көп кешікпей мамандар өзен жағасында ес-түссіз жатқан оқушыны табады.

Айдарбек Кеншінбаев — қалалық ПБ ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының қызметкері:

– Баланы аға сержант Қоқабаев тапты. Оқушының беліне арқан байлап, алып шықтық.

Артынша балаға жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетеді. Қазір оның хәлі жақсы. Тәртіп сақшыларының сөзінше бұл – үстіміздегі жылы өзен жағасында орын алған алғашқы жағдай емес. Полицейлер көктемде де дәл осындай жайт болғанын айтады. Онда мамандар қызға көмек көрсетіпті. Сондай-ақ, маусым айында суға кете жаздаған балықшыны құтқарып алыпты.

Маржан Касымбек