ТКШ

Қалада суағарлар тазартылып жатыр

Қалада суағарлар тазартылып жатыр. Бүгінде Петропавлда аталған жүйенің ұзындығы 98 шақырымды құрайды. Қыркүйектің аяғында бастау алған тазалау шарасының  бүгінде 95 пайызы атқарылған.

Дәл қазір Жамбыл Жабаев көшесіндегі жабық суағарлар арнайы техниканың көмегімен сумен шайылып, тазартылып жатыр.

Павел Булаев: «Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар» МКК директоры:

– Бізге қаладағы 30-ға жуық көшенің суағарларын тазарту жүктелген болатын. Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр. Негізі Жамбыл Жабаев пен Партизан көшелері қалды.

Партизан көшесіндегі суағарлар балшық пен жапыраққа толып қалған. Оларды аршу жұмыстарына 30-ға жуық адам мен 6 арнайы техника жұмылдырылған.

Павел Булаев: «Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар» МКК директоры:

– Суағарлар жылына 2 рет тазаланып тұрады. Жұмыстарды қарашаның 10-ына дейін аяқтаймыз. Осы ретте айта кететін маңызды жайт, тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды кәріз жүйесіне емес, ерінбей арнайы қоқыс жәшігіне апарып салса дейміз. Өйткені, суғалардан балшық пен жапырақ қана емес, түрлі қоқыс шығады. Бұл жұмысқа әжептәуір кедергі келтіреді.

Осындай тазарту жұмысының барысында барлығы 100 тоннаға жуық қоқыс жиналатын көрінеді. Жалпы, бүгінде қаладағы 98 шақырым суағардың 95 пайызы тазаланған.

Ақтолқын Солтанханқызы