Құтқарушылар рейд өткізуде

ТЖД

21:50 1 Қараша 2019

Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары ауласына бетон блоктар орнатып тастаған. Алайда, ондай бөгеттер жедел жәрдем мен өрт сөндірушілердің көліктеріне кедергі келтіріп жатыр. Құтқарушылар осы қиындықты шешу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Оқыс оқиға орын ала қалса құтқарушылар ең бірінші болып жетеді. Алайда, олардың тиісті жерге жылдам келуіне кедергі болатын бірнеше жайт бар. Мәселен, көшеде дабыл дауысын естісе де кей жүргізушілер мамандарға жол бермейтін көрінеді. Тәртіп сақшылары арнайы рейд барысында мұндай жандарды тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырды. Енді олар 12 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Тағы, құтқарушыларға бетон блоктар да кедергі келтіреді. Мысалы, мұндай дүние Горький көшесіндегі 175-ші үйдің ауласына қойылыпты. Оны қазір мамандар алып тастап жатыр. Бұған баспана иелерінің кейбірі қарсылық танытты. Олар бөгеттер алынғасын жүргізушілер жоғары жылдамдықпен жүреді дейді. Бұл – тұрғындардың өміріне қауіпті.

Наталья Черепанова – қала тұрғыны:

– Ауладан көбіне өзгенің емес, өзіміздің көліктер өтеді. Бетон блогы барда машиналар ақырын жүретін. Енді жылдамдықты арттырары сөзсіз. Балаларымызға барынша сақ болу қажет. Сонда ешқандай оқыс оқиға орын алмайды.

Құтқарушылардың сөзінше облыс орталығында тағы 48 аулада дәл осындай бетон блоктар жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері алдағы уақытта кедергілердің барлығы алынатындығын мәлімдеді.

Қанат Баяндин – қалалық ТЖБ бас маманы:

– Осындай рейдтерді жиі ұйымдастырамыз. Шара барысында аулалардағы бетон блоктар алынып тасталынады. Себебі, олар бізге және жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіреді.

Жалпы, жыл басынан бері Петропавлда 174 өрт оқиғасы болған екен. Төтенше жағдай салдарынан 10 адам қаза тапқан. Ал, 4 тұрғынды күйік шалыпты.

Маржан Қасымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Шаһардағы жер үйлерге дабыл қаққыш датчик орнатылуда
Мамлют ауданында 2 бірдей бала суға бата жаздады
Өңірде өткен апдада 15 өрт оқиғасы тіркелді
Аққулар құтқарылды
Петропавлда қария құдыққа түсіп кетті
Өңір құтқарушылары дайындықтарын пысықтады
«Қыс-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде
Жылыту маусымы басталғалы өңірде 40 өрт оқиғасы тіркелген
Петропавлда ангардан өрт шығып, 2 көлік жанып кетті