Мәдениет

Шоқан Уәлихановқа арналған көрме қанат жайды

“Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел”. Осындай атаумен “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Айыртау ауданынан жеткізілген көрме қанат жайды. Онда ұлы ғалымның жеке заттарымен бірге шығармалары да қойылған.

Шоқан Шыңғысұлы 1865 жылы Қостанай облысындағы Құсмұрын жерінде дүниеге келген. Бұл – оның Сібір кадеті корпусына оқуға келген кезде түскен суреті. Ұлы ғалым ол жылдары небәрі 12 жаста болыпты. Шоқанның ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда оқу орнының маңызы ерекше болған. Сырымбет тауының топографиялық пейзажын сонда жүріп салыпты. Кейін ел аралап талай ғылыми еңбектер жазады. Көрмеге сол шығармаларда баяндалған балта, аңшы мылтығы және сауыт қойылған. Сондай-ақ, мұнда ғалымның ер тоқымы да бар.

Ал мына сандықты Шоқан Уәлиханов саяхаттап жүрген кездері жанынан тастамапты. Күміс түстес самаурынды да ерекше жақсы көрген екен. Одан бөлек ғалымның туған інісі Мақының сүйектен жасалған сандығы да бар.

– Маған көрме өте қатты ұнады. Себебі, мұнда Шоқан Уәлихановтың 12 жастағы фотосуреті болды. Көптеген құжаттарды көрдім.

Мағжан Жұмабаев ауданынан келдік. Алған әсеріміз жақсы.

–  Мен Явленка ауданынан келдім. Шоқан Уәлиханов туралы көп мәлімет жинадым. Көрме маған қатты ұнады.

Мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер. “Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел” атты көрменің ашылуына орай шағын концерт ұйымдастырылды. Шарада өңіріміздің өнерпаз жандары монолог оқыды.

Нұргүл Құлбаева – Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы директорының міндетін атқарушысы:

–  Көрменің мақсаты – жастарға қазақтың тұңғыш ғалымы, ұлы тұлға жайлы айту. Жалпы, көрмеде 50-ге жуық экспонат бар.

Айта кетейік, солтүстікқазақстандықтар Шоқан Уәлихановқа арналған көрмені қарашаның соңына дейін тамашалай алады.

Маржан Қасымбек