Мәдениет

Италияндық музыканттың жеке шығармашылық кеші өтті

“Буэнос-Айрестегі күз”. Петропавлда осындай атаумен МАрио СтефАно ПьЕтродаркидің жеке концерті өтті. Италияндық музыкант бандонеон аспабының сиқырлы әуені мен тылсым күшін жергілікті өнерсүйер қауымға паш етті. Музыка десе ішер асын жерге қоюға даяр жанның кеші солтүстікқазақстандық тыңдарман қауымның көңілінен шықты.

Бандонеон – баянға ұқсас аспап. Бастапқыда бұл музыкалық құралмен Германиядағы шіркеуде қасиетті әуендер орындалыпты. Кейін, 19-ғасырдың аяғында Аргентинаға жеткізіліп, сұраныс арта бастайды.

Италияндық музыкант Марио Стефано Пьетродарки жеке концертімен 55 елді аралаған. Қазақстанға алғаш рет келіп отыр.

Марио Стефано Пьетродарки – музыкант, Италия Республикасы:

– Қазақстанды мен атақты велошабандоз Александр Винокуров арқылы танимын. Ол – өте дарынды жан. Осы кісінің арқасында менің сіздердің елдеріңізге деген қызығушылығым оянып, келгім келді. Шынымен, өте керемет ел екен. Маған қатты ұнады.

Италияндық музыкантпен бірге бір сахнада «Астана Опера» мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі де өнер көрсетуде. Ұжымның бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов Марио Стефано Пьетродаркимен былтыр танысыпты.

Абзал Мухитдинов – «Астана Опера» мемлекеттік академиялық опера және балет театры симфониялық оркестрінің дирижері, ҚР еңбегі сіңген қайраткері:

–  Былтыр ол маған астанаға келуге тырысамын деді. Сіз мені қарсы ала аласыз ба деп сұраған. Мен оның ұсынысына келісіп, бір амалын тауып көреміз деген едім.02:06 Бүгінгі көнцертіміз өте жоғары дәрежеде өтеді деген ойдамын.

Кеште Астор Пьяцолланың танымал туындылары мен танго, джаз жанрындағы әуезді әндер орындалды.

– Концертке жұмыстан кейін келіп тұрмын. Мұндағы атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Музыканың ұнағаны сонша, тіпті кештен кеткім келмейді.

– Бұндай кешке алғаш келіп отырмын. Өте қатты ұнады. Алдағы уақытта тағы келемін деген ойдамын. 

Ақтолқын Солтанханқызы