МТРА жаңалықтары

СҚО-да “Цифрландыру күндері” аяқталды

СҚО-да “Цифрландыру күндері” аяқталды. Шара ауқымды форуммен тәмалдалды. Жиында “Astana Hub” технопаркі жергілікті университет және Оқушылар сарайымен меморандумға қол қойды.

 Өмірімізді интернетсіз елестету қиын. Себебі, біз қазіргі таңда ғаламторды күнделікті пайдаланамыз. Соның көмегімен бірталай дүниені үйден шықпай-ақ тындырамыз. Бірақ, бүгінде заман игілігі кей жерлерде жөнді жұмыс істемейді. Әсіресе – ауыл-аймақтарда. Осы күні өзекті мәселені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бір жақты етіп жатыр екен.

Абылайхан Оспанов – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице – министрі:

– Біз былтыр Қазақстанның барлық елді мекендерін аралап шықтық Нәтижесінде 195 ауыл интернетке қосылды. Ал биыл 700-ге жуық селоға ғаламтор жетеді. Келесі жылы да жұмыстар қарқынды түрде жүргізіледі.

Енді IT саласына келейік. Қазіргі күні еліміздің ірі қалаларында инновациялық технологияларды пайдалану денгейі артып келеді. Неге? Сөйтсек білікті кадрлардың барлығы Нұр-Сұлтан және Алматы шаһарларына ағылады екен. Бұл бағытта Петропавлдың да болашағы зор дейді сөз алғандар.

Әділет Нұрғожин – «Astana Hub» IT-стартаптары халықаралық технопаркінің атқарушы директоры:

-Негізінен IT компаниялар қазіргі таңда еліміздің көптеген өңірлерінде ақырындап дамып келеді. Менің ойымша, Петропавлда да жақсы жұмыс істеуі тиіс. Себебі сіздерде барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Оған қоса дарынды жандар да жеткілікті.

Осындай дарынды жандардың бірі – Жанат Омаров. Азамат жуырда команда құрып, шағын 3dcontrol.kz. деп аталатын компания ашқан екен.

Жанат Омаров – «3dcontrol.kz компания басшысы»:

– Біз Петропавл қаласын цифрлайтын боламыз. Кейін, шаһардың 3Д форматындағы мобильдік қосымшасын жасаймыз. Оны кез-келген тұрған пайдаланатын болады. Жаңашылдық арқылы адамдар ұсыныстары мен шағымдарын көпшілікке жеткізбек. Бұдан бөлек те жұмыстарды қолға аламыз.

Айта кетейік, ауқымды жиында “Astana Hub” технопаркі жергілікті университетімізбен және Оқушылар сарайымен меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта бұл келісімшарт аясында бірлескен жобалар жүзеге асырылмақшы.

 

Ешкенова Дана