ТЖ

Өңір құтқарушылары дайындықтарын пысықтады

2013-ші жылы “Байқоңыр” ғарыш айлағында зымыран тасығыш апатқа ұшырады. Онда маңай өртке оранып, ауаға зиянды заттар тарағаны мәлім. Міне, осындай төтенше жағдайға дайын болу үшін Қызылжар ауданында “Протон-2019” командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды.

Құтқарушылар төтенше жағдай орын алған жерге бірден жетті. Олар алдымен төңірекке радиациялық-химиялық барлау жасап, өрттің таралған аумағын анықтады. Кейін, қауіпті участокты қоршап, қызыл жалынды ауыздықтауға кірісіп кетті. Жедел жәрдем қызметкерлері де осында жүр. Мамандар зардап шеккен жандарға көмектесуде.

Артынша оқиға орнына өзге құтқарушылар келді. Олар шапшаң қимылдап зымыран тасығышты арнайы техникаға тиеді. Осы уақытта тұрғындарды қауіпсіз аумаққа көшіру жұмыстары басталды.

Осы күндері “Протон -2019” командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны Қазақстанның барлық өңірінде өткізіліп жатыр. Біздің облыста іс-шара Қызылдар ауданына қарасты Кривозерка селосында ұйымдастырылды.

Нұрлан Атығаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Осыдан бірнеше жыл бұрын “Байқоңыр” ғарыш айлағында зымыран тасығыш апатқа ұшырады. Сол кезде өрт орын алып, ауаға зиянды қалдықтар тарады. Мұндай төтенше жағдайларға үнемі дайын болуымыз керек. Сондықтан біз “Протон” командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыные жылда өткіземіз. Іс-шараға 40 шақты атам мен 20 бірлік техникаға қатысып жатыр.

Айта кеткен жөн, “Протон-2019” командалық-штабтық оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты – құтқарушылардың дайындығын пысықтау.

Маржан Касымбек