Бизнес және экономика

“Даму” қоры баспасөз турын ұйымдастырды

Мемлекеттік қолдаумен көмегімен кәсіп ашып, ісін өркендеткен жандар! Бүгін “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры жергілікті БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырды.

Альбина Рашитова отбасылық бизнеспен айналысады. Ол – қазіргі күні «ЭкоМол Сергеевка» серіктестігінің директоры. Аталған кәсіпорын үстіміздегі жылдың қаңтарында ашылыпты. Бірақ, әлі күнге дейін өнім шығармаған екен. Себебі, мұнда өндіріске қажетті жабдықтар болмаған. Жақында мәселе бір жақты етілді. Іскер жан “Даму” қорына жүгініп мамандардан ақыл-кеңес алады. Кейін, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 20 млн теңге көлемінде несие рәсімдейді. Осы ақшаға арнайы қондырғыларды әкеледі.

Альбина Рашитова: “ЭкоМол Сергеевка” ЖШС директоры:

 – Қондырғыларды Ресейден алдық. Мысалы, Мәскеуден сүзбе салқындатқыш, ал Челябі қаласынан сүт салқындатқыш әкелдік. Осы жабдықтардың көмегімен өнімдердің алғашқы партиясын қараша айының соңында шығарамыз. Шикізатты жақын маңайдағы ауылдардан тасымақпыз. Дайын тауарды облыс аумағындағы сауда нүктелеріне сатпақшымыз.

Ал бұл – “Super Star Club” даму орталығы. Мұнда үйірмелер жұмыс істейді. Оларға кішкентай балалар да, ересектер де келе алады. Осы жылдың басында мекеме басшылығы “Даму” қорының мұрындық болуымен, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында 13 млн теңге нәсие рәсімдепті. Бұл ақшаға орталық кең, жарық әрі жайлы нысанды жалдайтын болған.

Ұлпан Төлегенова: “Super Star Club” даму орталығының мұғалімі:

– Карате, би бар. Тағы вокал, менталды арифметка, жылдам оқу сынды қосымша сабақтар екі тілде өткізіледі. Мекемеде шамамаен 15 шақты педагог, 100-ден астам оқушы бар.

Айта кетейік, биыл “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша өңірімізде 800-ге жуық жобаға қолдау көрсетіліпті. Бөлінген қаржының көлемі 97 млрд теңгені құрайды. Ал, “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы аясында 5 млрд теңге беріліп, 14 жоба қолға алыныпты.

Актолкын Солтанханкызы