МТРА жаңалықтары

Аймақ басшысы шаһарда қоғамдық қабылдау өткізді

Есіл ауданына қарасты Бұлақ ауылының тұрғындары дабыл қағуда! Бүгінгі күні елді мекенде алтын дұрыс өндірілмей жатыр екен. Салдарынан ауаға радиация таралып, адамдардың өміріне қауіп төндіруде. Мұны аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың қабылдауына келген Болат Бейсенбаев есімді азамат жеткізді.

Қазір азаматтар жеке кәсіп ашып, еңбек етуден қорқады. Себебі, әлі күнге дейін бизнесмендер қағазбастылықтан арыла алмай қойды. Мысалы, мұндай мәселемен Любовь Гладилова бетпе-бет кездесіп отыр.

Бұл құжаттардың тізімі жаңа аумақтты иелену үшін қажет. Бірақ, мейманханаға басшылық ететін нәзікжанды нысанын кеңейтпек ниетте. Яғни, өзге ықшам ауданнан учаскенің мүлдем керегі жоқ. Бар болғаны қонақүйдің жанынан ғимарат тұрғызып, екеуін қосатын жылы өткел жасамақ. Мәселемен Любовь Гладилова шаһар басшысына жолыққан екен. Алайда, сол кездесуден бері түк өзгермеген.

Құмар Ақсақалов – “Nur Otan” партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қағазбастылықты қысқарту қажет. Заңға сүйене отырып бұл мәселенің шешімін табу керек.

Бәрімізге белгілі – Есіл ауданына қарасты Бұлақ ауылында бүгінде алтын өндіріліп жатыр. Бірақ, Болат Бейсенбаев елді мекендіктердің атынан кеуде емес, дабыл қағу үшін кеп тұр. Айтуынша, «Әулие голд майнинг» компаниясы жұмысты талапқа сай орындамайды. Салдарынан адамдар ауруға шалдығуда. Көз жұму фактілері де тіркелген.

Болат Бейсенбаев:

 – Соңғы жылдары онкологияға шалдыққан адамдардың саны көбейді. Компанида жұмыс істеген орта жастағы жігіттер көз жұмып жатыр. Ол жерде химиялық құралдар дұрыс пайдаланылмайды.

Экологиялық ахуал бұлақтықтардың барлығын алаңдатуда. Елді мекендіктер тіпті Алматы қаласына барып, сараптама да жасатыпты. Айтуларынша, ауа мен топыраққа тарайтын химиялық заттардың көлемі нормадан асып түскен. Алайда, Есіл ауданының әкімі Алтынбек Абдоллаев бұнымен келісер емес.

Алтынбек Абдоллаев – Есіл ауданының әкімі:

– Тұрғындар мына жерде радиация үлкен дейді. Оны да тексердік біз. 30 жерден сынама алынды. Жаман аурудан қайтып жатыр деген – жалған әңгіме. Олай айтуға болмайды.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Біздің проблемамыз – өзіміз келеміз де тексереміз. Қастарыңа ауыл тұрғындарын алып, оларға көрсету керек. «Міне, сынама алдық» деп.

Бұл – Бұлақ ауылындағы жалғыз проблема емес. Елді мекеннің іргесінде қиыршық тастың карьері бар екен. Алайда, материал не құрылысқа, не жолға төсеуге жарамсыз. Себебі, тым жұмсақ. Бірақ, оңай пайда табамын дегендер оны қазір тасып жатқан көрінеді. Сапасыз асфальт қайдан келеді деген сұраққа – жауап осы. Тұрғындар заңбұзушыларға бірнеше рет тосқауыл болыпты. Экологтарды да шақырған көрінеді. Алайда, қиыршық тас бизнесін жүргізетіндер айыппұл төлеп құтылған. Енді істің анық-қанығына жету тәртіп сақшыларына жүктелді. Тағы қоғамдық қабылдау барысында теннис кортында жүргізілетін сабақтар жөнінде де сөз қозғалды. Келушілерге жаттығуы айына 8 бен 16 мың теңгенің арасын құрайды екен. Бұндай соманы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың қалталары көтермейтіні сөзсіз. Мәселе, бірден шешімін тапты. Желтоқсанның бірінен бастап аталған санаттағы балаларға арналып тегін топ құрылмақ.

 

 

Эльмира Садвокасова