ТЖ

Шаһардағы жер үйлерге дабыл қаққыш датчик орнатылуда

Тамыз айының ортасынан бастап Петропавлдағы 27 жер үйге дабыл қаққыш датчик орнатылыпты. Мұндай құрылғы тұншықтырғыш газ байқалса бірден белгі береді. Дәл осындай аппарат қарттарды қолдау айлығы аясында бірақ шаһар тұрғының баспанасына тегін қойылды.

Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары тамыздың 15-нен жер үйлерді аралауда. Олар тұрғындармен жүздесіп қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді, жаднама қағаздар таратады.

Қанат Баяндин – қалалық ТЖБ бас маманы:

– Жыл басынан бері қаламыздағы жеке секторда 100-ге жуық өрт оқиғасы болды. Көбінесе төтенше жағдай отқа немұрайлы қараудың және пешті дұрыс пайдаланбаудың салдарынан орын алды. Мұның алдын алу үшін біз жылыту маусымы басталғалы шаһардағы 2 мыңға жуық үйге бас сұқтық. 5 мыңға тарта жаднама қазар тараттық.

Мамандар жаднама қағаз таратып қана қоймайды, пештерді де тексереді. Одан бөлек көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне дабыл қаққыш датчик орнатады. Істі қалалық мәслихаттың депутаттары қадағалап жүр.

Данияр Уәлиев – қалалық мәслихаттың депутаты:

– Бүгін қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен бірге қарттарды қолдау айлығы аясында дабыл қаққыш құрылғыларды орнатып жатырмыз. Мұндай жаңашылдық үйде тұншықтырғыш газ байқалса, бірден дабыл қағады. Яғни, апаттың алдын алуға көмектеседі.

Бүгін осындай құрылғының бірі Анатолий Замяткиннің үйіне орнатылды. Қария – 64 жаста. Жерлесіміздің жанұясы үлкен екен. Оның 6 бірдей немересі бар. Оларға үнемі бас-көз болу қажет.

Анатолий Замяткин – қала тұрғыны:

– Бұл датчиктердің пайдасы зор. Енді осы құрылғының арқасында тыныш ұйықтаймыз. Немерелеріме алаңдамайтын боламын. Орнатып жатқан жандарға алғыс айтамын.

Тамыздың 15-нен бастап арнайы датчиктер Петропавлдағы 27 үйге орнатылыпты. Олардың әрқайсысының құны 5 мың теңгені құрайды.

Магжан Ахмадина