МТРА жаңалықтары

Мамлют ауданының өнерпаздары қорытынды концерт ұйымдастырды

Мамлют ауданында Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы тәмамдалды. Осыған орай бүгін аталған ауданның өнерпаздары қалалық Мәдениет үйінде қорытынды концерт ұйымдастырды. Кеште талантты теріскейліктер би билеп, ән шырқап жерлестерінің көңілін көтерді.

Қазыналы қарттарымыз – мемлекетіміздің тірегі. Өйткені, ақылдың кеңін арқалаған жандар қашан да болсын кейінгі буын өкілдерін жөн сілтеп, білген-түйгендерімен бөлісіп отырады.

Мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер. Сахнада өз өнерін паш етіп жатқан жандардың дені – Мамлют ауданының өкілдері. Олар облыс орталығына Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығын қорытындылауға келіпті.

Кейін, Мамлют ауданының өнерпаздары салт-дәстүрге сай жиналғандарға шашу шашты.

Дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар және тәртіп сақшылары. Концертті тамашалауға келген адамдардың қатары қалың. Бәрі де түрлі салада қызмет етіп, бүгінгі күні еңбек демалысында жүрген жандар.

– Қарттарға арнап концерт өткізгендеріңізге көп рақмет. Біз өзіміз Мамлют ауданынан көшіп келгенбіз.

– Мен жерлестерімнің концертін тамашалауға жылда келемін. Маған осы кеш қатты ұнайды.

– Мамлют ауданының өнерпаздары бізге өте қызықты концерт ұсынды. Оларға алғысымды білдіремін.

Теріскейліктерге концерттік бағдарламадан бөлек, акция да өткізілді. Үстелге қойылған дүниелерді Мамлют ауданының үлкендері өз қолдарымен жасаған. Мұнда дәмді тағамдар да, шеберлер дайындаған бұйымдар да бар.

Төлеген Омаров – Мамлют аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

–  Барлықтарыңызға бақыт пен денсаулық тілеймін. Бүгін Мамляют ауданының жеткен детістіктерін паш етеміз.

Айта кетейік, бүгінгі күні Мамлют ауданында 3500-нан аса зейнеткер өмір сүреді. Олардың үшеуі – Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер.

 

 

Маржан Касымбек