Құқық қорғау органдары

Полицейлер сап түзеді

Полиция департаментінің қызметкерлері кезекті рет сап түзеді. Шарада тәртіп сақшыларының дайындығы тексерілді.

Офицерлер, сержанттар және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ сарбаздары. Алаңда мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері сап түзеді. Кейін қызметтік құжаттары мен қару-жарағы, сыртқы киімдерінің дұрыстығы тексерілді. Жиында полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев сөз сөйледі.

Марат Төлебаев – СҚО ПД бастығы:

– Тәртіп сақшысы болу күш-қуат пен қажыр-қайратты, шыдамдылықты талап етеді. Өйткені, халқымыздың тыныштығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін – сіздер. Жас қызметкерлер аға буынның ісін жалғастырып, міндеттерін абыроймен атқарып келеді.

Кейін өз міндетін орындау барысында ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды. Руслан Ахматов ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісіне ие болды. Тәртіп сақшысы осыдан 3 жыл бұрын суға секіріп кетпекші болған қызды аман алып қалған екен. Бейбәт күннің батырлары аз емес. Балықшыны суға батып жатқан жерінен жағаға алып шыққан Талғат Іңкәров пен Мейірбек Мейрамға да алғыс хаттар табыс етілді.

Мейірбек Мейрам – Петропавл қалалық ПБ ППБ полицейі:

– Гидроузельдің жанына жақындап қалған соң тез арада шешім қабылдауға тура келді. Суға түсіп адамды алып шықтым. СҚО ПД бастығы атынан алғыс хат беріп жатыр. Соған қуаныштымын. Қазақша сөйлейді.

Кейін, саптық жиын соңы шерумен аяқталды.

 

Маржан Касымбек