Аптадағы маңызды жаңалықтар

Энергетиктер SMS-хабарлама жүйесін енгізбек

Энергетиктер SMS-хабарлама жүйесін енгізуді көздеп отыр. Осылайша қала тұрғындары электр желілеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстары туралы біле алады. Тағы ведомствоаралық комиссияның отырысында тұрғындар жиі кезігетін мәселелер сөз болды.

Жиынға келгендер алдымен бірыңғай есеп айырысу орталығының сайтымен танысты. Ол жақында да ғана құрылған екен. Қазіргі таңда мамандар толықтырулар енгізіп жатыр. Бұл ресурсқа барлық коммуналдық төлемдер туралы мәлімет орналастырылмақ.

Мағауия Сағандықов – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

– Тағы алдағы уақытта SMS-хабарлама жүйесін енгізуді көздеп отырмыз. Яғни, қала тұрғындары электр желілеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстары туралы білетін болады. Бұл халық үшін өте ыңғайлы.

Тағы жиында тұрғындар кезіктіретін мәселелер туралы да айтылды. Азаматтардың көпшілігі коммуналдық төлем жасамаған жандардан пәтер сатып алады да кейін қарызды өздері жабуға мәжбүр болады. Мұндай қиындыққа тап болмас үшін құжаттардың барлығына мән берген жөн.

Гүлмира Оспанова – СҚО Нотариаттық палатасының төрайымы:

– Біз болашақ пәтер иелеріне келісім шарт жасалатын кезде барлық құжаттарды дұрыстап тексеріп алу қажеттігін ескертеміз. Жалпы, егер баспана сатылатын болса оның бұрынғы қожайыны берешектерінің бәрін нысанды өткізгенше дейін төлеуге міндетті.

Бірақ, сатып алу-сату шарттарының тек 40% ғана нотариус арқылы өтеді екен. Ал қалған азаматтар өзара келісу арқылы сауда жасайды. Мысалы, 90-шы жылдары мұндай мәмілелер кезінде сатып алушыларға қарыздың жоқтығы туралы анықтама беріліпті. Қазіргі күні мұндай норма мәселені шешуге көмектесер еді дейді мамандар. Осы орайда комиссия мүшелері Әділет министрлігіне аталған мәселеге көңіл бөліп, анықтамаларды қайтару мүмкіндігі туралы ұсыныс жолдауды ұйғарды.

Ешкенова Дана