Қоғам

Шаһарда ішіктер жәрмеңкесі жалғасуда

Сәнді кинетін арулардың құлағына алтын сырға! Шаһарда “Эталон меха” көрмесі жалғасуда. Бірақ, бұл ұзаққа емес. Ішіктер жәрмеңкесі қазанның 27-сіне дейін ғана өткізіледі. Әрі биылға жеткізілген соңғы топтама.

Ақтолқын Солтанханқызы- тілші:

– Қыстың ауылы алыс емес. Солтүстікте боран соғып, сарышұнақ аяз болады. Бұл жылдағы жағдай. Мұндай кезеңде жылы киініп жүрген абзал. Мысалы, нәзікжандылар түрлі түсті ішіктерін кигендері дұрыс.

Шынымен, мұнда кез келген ару өзіне ұнаған тонды таңдай алады. Жәрмеңкеде 40-тан бастап 60-шы өлшемге дейінгі ішіктің түр-түрі бар. Миниса Сейтмухамбетова өзіне мутоннан тігілген сырт киім қарап жүр. Нәзікжанды сауда көрмесінің өтетінін дүкендердің бірінде ілінген хабарландырудан көріп қалыпты. Кейін осында келуді жөн көрген.

Миниса Сейтмухамбетова- қала тұрғыны:

– Мұнда түрлі үлгідегі, ұзынды-қысқалы ішіктер көп. Негізі, өзімде қаракүзеннен тігілген тон бар. Бірақ, жаңа әрі заманауи сырт киім алғым келеді. Сатып аларда әрине, алдымен сапасы мен суыққа төзімділігіне мән беремін.

Тон сатып алған жағдайда тұтынушыларға сыйлықтар да қарастырылып қойыпты. Мәселен, кез келген ішікке мұнда каракүзеннен тігілген бас киім немесе орамал қоса беріледі. Тағы, несиеге алу мен бір жылға бөліп төлеу мүмкіндігі бар.
Мамандар тондардың табиғилығына күмән туындамауы тиіс дейді. Өйткені, тауарлардың барлығы сапалы материалдан жасалған және оны ішкі жағындағы штрих-код арқылы анықтауға болады екен.

Алексей Колмыков- “Эталон меха” көрмесінің әкімшісі, Пятигорск қаласы, РФ:

– Сондай-ақ, ішіктің табиғилығы сіріңкенің көмегімен сыналады. Ол үшін тондағы бір түкті жұлып, жағамыз. Өткір химиялық иіс шықса, жалған деген сөз.

Ақтолқын Солтанханқызы-  тілші:

 – Мен қазір арулардың арасында үлкен сұранысқа ие тонды киіп тұрмын. Оның өзіндік ерекшелігі бар. Бірінші айырмашылығы – ішіктің өзінде. Ол канадалық құндыздан тігілген.

Ал келесі өзгешелігі – жағасында. Ішіктің бұл тұсын ағылшындық бұлғын терісі көмкеріп тұр. Әрі бұндай тондардың көктен басқа қызыл, қара, қоңыр түстері де бар.
Айта кетсек, ресейлік “Эталон меха” көрмесі Петропавлда биылға соңғы рет өткізіліп жатыр. Оның өзінде қазанның 27-сіне дейін жалғасады. Көрікті де сапалы ішіктен құр қалмау үшін “City Mall” сауда орталығының 2-ші қабатындағы жәрмеңкеге асығыңыз.

Актолкын Солтанханкызы