Қоғам

Өсімдіктерден жасалған шампунь мен сабын

Күнделікті өмірде табиғи таза сабынды жиі кездестіруге болады. Петропавл тұрғыны Гүлшат Шакирова өсімдіктерден сабын ғана емес, шампунь де жасайды. Оған қажетті түрлі гүлдер мен шөптерді өзі өсіреді. Экологиялық таза өнімге деген сұраныс, әсіресе елордалықтар мен ресейліктер тарапынан көп екен.

Дәл қазір экологоиялық таза сусабын қайнатылуда. Бұл нағыз шығармашылық жұмыс дейді Гүлшат Шакирова. Себебі, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды араластырып, кез келген рецепт бойынша дайындай аласыз. Бұл жолы нәзікжанды шампуньннің құрамына түймедақ, қарағай инлерін, шайыр, сәлбен және үгітілген сабын қосты.

Гүлшат Шакирова – “Шакирова” ЖК директоры:

– Экологиялық таза шампуньді дайындау үшін 40 минуттай уақыт қажет. Ең алдымен қарағай инелерін жақсылап тұрып қайнатып алу қажет. Содан кейін үгітілген сабын қосамыз. Кейін қалған қоспаларды саламыз. Қайнағаннан кейін дайын шампуньді сүзіп алып, шыны банкіге құямыз.

Жалпы, Гүлшат Шакирова сусабынның түр-түрін жасайды. Әрқайсысының өзіндік пайдасы бар. Шампуньнан бөлек ол түрлі емдік сабын да қайтататын көрінеді. Бірақ, оны әзірлеу барысы қиын әрі ұзақ уақытты талап етеді. Бұл өнімді нәзікжанды табиғи қоспалардан жасайды. Кәдеге жаратылатын гүлдер мен шөптердің барлығын Гүлшат Шакирова өзі өсіреді. Тіпті, өнімге қосылатын майды да сатып алудың қажеті жоқ. Сабынға негізінен қоян немесе қойдың майы араластырылады.

Гүлшат Шакирова – “Шакирова” ЖК директоры:

– Мен жасап шығаратын сабындардың пайдасы өте көп. Олар беттегі безеу, денедегі бөртпе, қышыма, экзема, псориаз, аллергиялық бөртудің түрлерін және қотырларды өте жақсы кетіреді. Тағы түрлі жастағы нәзікжандыларға да арналған түрлі сабындарды қайнатамын.

Айта кетейік, Гүлшат Шакированың бұл кәсіпті қолға алғанына 3 жыл болған екен. Көп уақыт деуге келе қоймас. Әйткенмен, сабын мен шампуньға сұраныс баршылық. Бірақ, сатып алушылардың арасында теріскейліктер өте аз көрінеді. Көбіне тұтынушылар елордалықтар мен ресейліктер екен.

 

 

Ешкенова Дана