Қоғам

Петропавлда “Покровский перезвон” фестивалі өтті

Петропавлда “Покровский перезвон” фестивалі өтті. Мерекелік іс-шара барысында славян халықтарының салт-дәстүрі мен өмір салты паш етілді. Бұл күні көрерменге 20-дан аса ұжым өнер көрсетті.

Славян халықтарының “Покровский перезвон” фестивалі өлкемізде осымен 13-ші жыл ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі шараға жиналған жерлестерімізді Петр мен Павел соборының протоиерейі Сергий құттықтап, мерекенің шығу тарихы жайлы айтты.

Сергий – Петр мен Павел әулие апостолдары соборының протоиерейі:

– Баршаңызды осы дәстүрлі мерекемен құттықтаймын. Покров мейрамы сонау 10-шы ғасырдан бері аталып келеді. Бүгін де сол дәстүрден жаңылған жоқпыз. “Покровский перезвон” фестиваліне қатысамын деушілердің саны жыл санап артуда.

Жиылған жұртшылыққа өңірдің ең үздік шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ ресейліктер де өнерлерін паш етті.

– Жыл сайын осы мерекені көппен бірге атап өтеміз. Кеш жақсы өтіп жатыр.

– Шығармашылық ұжымдарға алғысымызды білдіреміз. Жақсы көңіл-күй сыйлауда.

Фестиваль барысында славян халықтарының салт-дәстүрі мен өмір салты паш етілді.

Владимир Ивашкин – “Қазақстанның орыс қауымы” ҚБ СҚОФ басқарма мүшесі:

– Фестивальдің халықаралық мәртебеге ие болғанына екінші жыл. Сол себепті, біз бұл мерекеге Ресейдің жақын өңірлерінен талантты ұжымдарды шақырамыз.

Бұл – “Яромилъ” фольклорлық ансамблі. Олар Ресейдің Түмен қаласынан Петропавлға алғаш рет келіп отыр.

Руслана Лосева – “Яромилъ” фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, Түмен қаласы, РФ:

– Бұл мерекеге жақсы дайындықпен келдік. Петропавлдық көрермендер бізді жылы қарсы алды. Осында келесі жылы да келеміз деген ойдамын.

Айта кетейік, “Покровский перезвон” фестивалінде өнерсүйер қауымды өз таланттарымен 20-дан аса ұжым таң қалдырды.

 

Ешкенова Дана