Білім

Үздік ұстаздар қошеметке бөленді

Тамыз айының соңынан қазанның 3-іне дейін «Үздік педагог-2019» республикалық байқауы өткен болатын. Сайысқа өңірден 14 үміткер қатысып, 4-уі жеңімпаз атаныпты. Бүгін облыс орталығында ұйымдастырылған іс-шарада байқау жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды.

Байқаудың шарты бойынша қатысушылар өздерінің портфолиолары мен авторлық бағдарламаларын жолдаған. Рахат Әзімбаева бұл конкурста 20 жылдық тәжірибесімен және “Қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту”, “Тілтаным” авторлық бағдарламалары арқылы ерекше көзге түсіпті. Ол облыстық дарынды балалар үшін мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді.

Рахат Әзімбаева – облыстық дарынды балалар үшін мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

– Бұл бізді жаңа бір шығармашылыққа жетелейді деген ойдамыз. Және ұстаздың мәртебесі қашан да жоғары болатынына сенімдімін.

Жиында қала және ауданның 5 педагогы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Руслан Айтжанов 40 жылдан бері география пәнінен сабақ беріп келеді. Бүгін міне көп уақыт бойы атқарған еңбегі еленіп, құрметке бөленіп отыр.

Руслан Айтжанов – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының география пәні мұғалімі:

– Бұл алғыс маған берілген үлкен құрмет деп ойлаймын.

Жалпы, жиынға 20-ға жуық ұстаз қатысты.

 

Бердимурат Баймухан