“Ғасырлар аманаты” атты көрме қанат жайды

Мәдениет

21:26 16 Қазан 2019

“Ғасырлар аманаты”. Осындай атаумен облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақмола өңірінен жеткізілген жәдігерлер көрмесі қанат жайды. Мұнда қазақ хандары, ақын-жазушылар мен жыраулар қолданған заттар қойылған. Сондай-ақ, бұрынғы кездің қыз-келіншектері таққан әшекей бұйымдардың 50-ге жуық данасын тамашалауға болады.

Қапсырмалар, білезіктер, ай сырғалар мен шолпылар. Көрменің бір ерекшелігі мұнда әшекейлер көп. Түсі мен түрі де, жасалу мәнері де сан алуан келетін бұйымдарды қыз-келіншектер 18-19-шы ғасырларда тағыпты. Мәселен, мына алқаларды сол кездері кішкентай қыздарға арнап алтын және күмістен соғып, бетіне асыл тас қондырып жасаған екен. Одан бөлек, Ақан серінің ғашығы Ақтотының да ою-өрнекті жеке заттары бар.

Әйгерім Айдарбекова – Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі экскурсия жүргізушісі:

– Ақтотының заттарын оның жиен немересі Орынбасар ханым әкеліп тапсырған болатын. 2017 жылы музей қорына тапсырды. Бұл жерде түймелерді, шолпылардың элементтерін, түйреуіш, зер таспаларды көруге болады.

Ал, бұл даңқты қолбасшы – Абылай ханның мүсіні. Оған қоса, мұнда
қазақ ханының сауыт-сайманы және ертоқымы да қойылған. Сол кездері тұрмыста қолданылған тайқазанның кішірейтілген нұсқасы бар. Бұдан бөлек, көрмеден халқымыздың өнерпаз тұлғаларының суреттері және олар туралы жазылған ақпарды көруге болады.

Әйгерім Айдарбекова – Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі:

– Бұл ақындарымыз серілік құрған. Елдерді аралап біздің мәдениетімізді және ауыз әдебиетімізді дамытқан. Екі жақта өнерімізді дамытқан Қорқыт ата сынды ұлы тұлғалардың бейнелері.

Үмбетей жырау, Біржан сал, Ақан сері және Балуан шолақ. «Ғасырлар аманаты» атты көрмеде 18 бен 19-шы ғасырларда өмір сүрген шығармашыл жандардың қолданған заттары қойылған. Сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов және Сәкен Сейфуллин, Ілияс Есенберлин мен Мәлік Ғабдуллин сынды азаматтар жайлы оқып-білуге болады.

Қуаныш Шақшақов – Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы:

– Бұл жоба 2018-ден бастап өз жалғасын табуда. Біз Ақмола облысындағы музейі жоқ 14 ауданды араладық.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жалпы 18 мыңдай жәдігер сақталған. Солардың 190-ынан астамы СҚО тарихи-өлкетану музейіне әкелінді.
Айта кетейік, теріскейліктерге «Ғасырлар аманаты» атты көрме 1 ай көлемінде паш етілетін болады.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Соғыс және еңбек ардагерлерінің халық академиялық хорына – 35 жыл
“Туған жерім – Қазақстаным” атты поэзиялық байқау өтті
Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл
Италияндық музыканттың жеке шығармашылық кеші өтті
Университет қабырғасында неміс мәдениеті күндері өтуде
“Жыл мезгілдері” атты көрме қанат жайды
Шоқан Уәлихановқа арналған көрме қанат жайды
“Айлы түннің жарығымен” фестивалі өтті
Петропавлда америкалық әнші Рональд Бейкер концерт берді
Петропавлда облыстық “Абай оқулары” өтті
Петропавлда “Крокодил” шығармасы сахналанды
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры жаңа маусымын ашты