Білім

Жергілікті жоғары оқу орнының жетістіктері паш етілді

“Қазіргі әлімдегі ғылым эволюциясы”. Бүгін М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де осы тақырып төңірегінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Жиында жергілікті білім ордасындағы өзгерістер мен жеткен жетістіктері жайлы сөз қозғалды.

Биыл М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-не 82 жыл толып отыр. Өткен уақыт аралығында білім ошағының жеткен жетістіктері аз емес. Мәселен, білім жүйесіне бірқатар өзгерістер мен жаңашылдықтар енгізілген.
Бұл жерден түлеп ұшқан жас мамандар халықаралық кеңістікте қажырлы еңбек етіп жүр. Жиында өңір жетекшісінің орынбасары Руслан Әлішев жоғары оқу орнының жеткен жетістіктерін атап өтті.

Руслан Әлішев – СҚО әкімінің орынбасары:

– Қазір талқыланатын мәселелер ғылымның түрлі тетігін құрайды. Облысымыздың ғылыми-әлеуетінің дамуы осы университет ғалымдарының жүргізіп жатқан зерттеулері тікелей байланысты.

Бүгінде білім ошағы 30 елдің ұйымдары және ЖОО-мен 150-ден астам өзара әріптестік орнатқан. Өңірге жыл сайын шетелдік ғалымдар мен топ-менеджерлер келіп, тәжірибе бөліседі. Сондай-ақ, теріскейлік жастар да өзге елге барып оқып-үйренуіне мүмкіндік жасалған. Мәселен, қазірде 141 жерлесіміз Польшадағы аграрлық университете практикадан өтіп жүр.

Анастасия Белова – «G’S Fresh» халықаралық агрохолдингінің „Agros Spolka z o.o.” кадрлық бөлімінің директоры, Польша Республикасы:

– Студенттер көкөніс өсіретін алқаптарда өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Олар дәнді дақылдарды өсірудің заманауи тәсілдерін үйренеді. Сондай-ақ, жаңа технологияларды дұрыс пайлану арқылы жақсы табыс табудың жолдарын көрсетеміз. Ең бастысы, бізге келген студенттерге барлық жағдайлар тегін жасалынатын болады.

Франция, Италия, Литва, Ұлыбритания мен Қытай. Ғылыми-практикалық конференцияға еліміздегі университеттердің ректорлары мен проректорларынан бөлек, өзге мемлекеттен де білікті мамандар келді.

Кейін, жиналғандарға көрме паш етілді. Мұнда өңірімізде өндірілетін жеміс-жидектер мен дәнді дақылдар қойылған. Оған қоса, құнды бұйымдар мен студенттер ойлап тапқан жаңа технологиялар да бар.

Дархан Ахмед-Заки – UIB университетінің президенті, Алматы облысы:

– Қазіргі таңда жастарға жасалып жатқан шаралар көп. Солардың бірі оларға арналған мемлекет бөлген грант.

Айта кетейік, ертең, яғни қазанның 16-сы күні М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де итальян тілі мен мәдениеті орталығының ашылу салтанаты өтеді.

 

 

 

Маржан Касымбек