БалаларМәдениет

Оқушылар суреттер көрмесін тамашалады

Көркем табиғаты мен талай жылдық тарихы бар. Бүгін мектеп оқушылары облыстық тарихи-өлкетану музейіне келіп, “Ботай – ұлы дала мәдениеті” атты көрмені тамашалады. Жас буынға Халықаралық симпозиумға қатысушылардың салған суреттерінен бөлек, құнды жәдігерлер де паш етілді.

Қабырғада ілулі тұрған суреттерге қарап Ботай тұрағының бейнесін елестетуге болады. Мәселен, мына шығармада тарихи елді мекенде бұрын салынған үйлер көрініс тапқан. Ал, мұнда Ботайдың көркем табиғаты, жазық жайлауы өрнектеліпті.

Бұл – жуырда ғана өткен Халықаралық симпозиум қатысушылары салған туындылар. Қылқалам иелерінің суреттерін өңір жастары тамашалауға келді. Мектеп оқушыларына шығармалардан бөлек, кезінде тастан, қыштан, сүйектен жасалған бұйымдар да паш етілді.

Вера Гончарова – облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:

– Көрмеге еліміздің және Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресей суретшілерінің туындылары қойылған. Олар бұл еңбектерін жуырда өткен “Ботай – ұлы дала мәдениеті” атты Халықаралық симпозиумында салған болатын. Қылқалам иелерінің шығармаларын тамашалауға күнде 100-ге жуық адам келеді.

Мектеп оқушылары суреттердің әрқайсысын мұқият қарап шықтын. Кейін, онда ненің бейнеленгенін өзара талқылап, зерделеді. Туындылардан жақсы әсер алған екен.

Жалпы, көрмеде 60-қа жуық сурет қойылған. Соның 45-і – симпозиумға қатысқандардың еңбектері.

Айта кеткен жөн, “Ботай – ұлы дала мәдениеті” атты көрме облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазанның 14-іне дейін жалғасады.

Маржан Касымбек