МТРА жаңалықтары

Атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тәсілдері

2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру тәсілі өзгереді. Жуырда осы туралы заң жобасы Парламент қарауына ұсынылған болатын. Бұл жайында бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды.

Атаулы әлеуметтік көмекті көпбалалы отбасыларға әр балаға 10-11 мың теңгеден беру көзделіп отыр. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет ендіріледі. Оның ішіне мектеп формасынан бастап тегін тамақ пен жол ақысына дейін бар.

Гүлбақыт Манабаева – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

–  2020 жылдан бастап балалары 18 жасқа толмаған көпбалалы отбасыларға 42 мың 500 теңгеден мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп баласы бар отбасыларға табыс мөлшеріне қарамастан төленеді. Және мектеп жасына дейінгі балалар үшін – балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері. Мектеп жасындағы балалар үшін мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу үшін жеке пакет енгізіледі.

Бердимурат Баймухан