Құқық қорғау органдары

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ медкурстардан өтті

Суға да, отқа да түсуге даяр мамандар. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері медицина саласындағы білімдерін толықтырды. Енді олар жарақатты қана танбай, жүрегі тоқтап не уланып қалған жандарға тез арада көмек көрсете алады. Тәртіп сақшыларының дағдылар қатары тағы жүкті әйелді босандырып алумен толықты.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ кез келген жағдайға сақадай-сай болуы қажет. Өрт, қызыл су, қарақшылық, тіпті әйелді босандырып алу қажет болса да мамандар кідірмей әрекет етулері тиіс. Соңғысын олар бұрын-соңды істеп көрмеген. Енді дағдылар тізімінің қатарына алғашқы көмектің осы бір түрі де еңбек. Тәртіп сақшылары қазір үйренгендерін манекенде көрсетіп жатыр.

Ерлан Базарбаев – СҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы:



Медициналық көмекті уақытылы әрі дұрыс көрсете білу арнайы жасақ үшін керек-ақ. Оқыс оқиға орнында жарақат алғандарға ақ халаттылар жеткенше көмек қолын созу қажет. Енді олар айы-күні жеткен жүктілерге де жәрдемдесе алады. Полицейлер білікті мамандардың алдынан өтіп, түйгендерін іс жүзінде көрсетті.

Нұрлан Жақыпов – облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жан сақтау және анестезиология бөлімшесінің меңгерушісі:

–  Мамандарға дәріс оқып, практикалық сабақтар бердік. Полицейлер жүрегі тоқтап қалған адамдарға, денесін күйік не үсік шалғандарға және уланып қалған жандарға қалай жәрдемдесу қажеттігін біледі. Тәртіп сақшылары енді кез келген келеңсіз жағдайға тап болған жандарға тиісті медициналық көмек көрсете алады деген ойдамын.

Курстарды тәмамдаған мамандар арнайы сертификат иеленді.

Эльмира Сәдуақасова