Білім

Жастарға Абылай хан туралы әңгімеленді

Ұлы қолбасшы, көреген көсем әрі ірі қайраткер. Бүгін “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені аумағында ашық аспан астында жастардың қатысуымен жиын өткізілді. Шарада қазақтың 18-ші ханы Әбілмансұр Уәлибақыұлының өмірі мен саяси қызметі жайлы сөз қозғалды.

Абылай Уәлибақыұлы – 1771 жылы Түркістан жерінде дүниеге келген, қазақ даласының 18-ші ханы. Ұлы қолбасшы елімізге көз сүзген жоңғар басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізген. Ол көптен озған көсемдігінің арқасында елге елеулі, халқына қалаулы жан болған. Абылай хан Күлтөбенің басында құрылтай өткізіп, үш жүздің басын біріктіреді. Елінің еркіндігін қорғаған батырдың жиынын өңір жастары да ұйымдастырып көрді. Жас буын ашық аспан астында отырып, аса ірі қайраткердің өмірі мен саяси қызметі жайлы сөз қозғады.

Айбалта, садақ, қолшоқпар және найза. Жиналғандарға кезінде соғыста сарбаздардың қолданған құрал-саймандары таныстырылды. Мәселен, мына қылышты ең епті батырлар ұстаса, жылқыларына мынадай жүгенді салған екен. Ал, ағаштан жасалған күбі болса сол жылдары үлкен сұранысқа ие болыпты.

Әсемгүл Қыдбекова – “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені директорының орынбасары:

– Абылай хан туралы мәліметтер өте көп. Кейде, олар әртүрлі болып жатады. Біз солардың негізгісін саралап студенттерге көрсеткіміз келеді.

Шараға жергілікті кәсіптік-педагогикалық колледжінен 30-дан астам студент қатысты. Жастардың барлығы мамандардың әңгімесін мұқият тыңдап, тарих туралы мол ақпарат алғанын айтты.

– Абылай хан туралы көп ақпарат алдым. Барша қазақстандық батырлардың өмірін білуі шарт.

– Шара өте қызықты өтті. Абылай хан туралы біраз дерекке қанық болдым.

Маржан Касымбек