Аптадағы маңызды жаңалықтарДенсаулық сақтау

Өңірде тұмауға қарсы вакциналау науқаны жүріп жатыр

Қазанның 1-інен бері теріскейде тұмауға қарсы иммундау науқаны жүріп жатыр. Эпидемиологтар биылғы маусымда қауіпті жұқпалы дерттің 4 штаммы белсенді болады деп отыр. Десе де, емханаларда ресейлік вакцинаның қажетті қоры бар.

Дене қызуының 39-40 градусқа дейін көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы мен жөтел. Тұмаудың алғашқы белгілері осындай. Ауа-тамшы жолдарымен таралатын қауіпті вирустан сақтанудың сан алуан жолы бар. Негізгілері – бетперде тағу, оксолин майын жағу, гигиенаға көңіл бөлу. Бірақ, мамандардың сөзінше, ең сенімді қорғаныс – екпе жасату. Биыл Солтүстік Қазақстан ресейлік “Гриппол+” вакцинасының 60 мың дозасын алған. Оның бәрі тәуекел тобындағы жерлестерімізге тегін егіледі. Ал сол тәуекел тобына кімдер кіреді?

Айнаш Сағандықова – СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

Саят Ермек – тілші:

– Ал тәуекел тобына кірмейтін жандар вакцинаны ақылы түрде ала алады. Оның құны – шамамен 2 мың теңге. Алайда, ақхалаттылар ақшаны аямауға кеңес береді. Өйткені, екпе алдағы 12 айға қауіпті вирустан сізді 100 пайыз қорғайды.

Екпеден соң тұмауға қарсы иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады. Вакцинаның жанама әсері болуы мүмкін, бірақ өте сирек жағдайларда. Вирусқа қарсы иммундауға қатысты біз петропавлдықтардың пікірін білуді шештік. 20 шақты адаммен тілдескен едік, пікірлер екіге бөлінді.

Десе де, инфекционистер екпені бәріне жасатуға кеңес береді. Өйткені, тұмау сияқты қауіпті вирусқа немқұрайлы қарауға болмайды. Оны жеке респираторлық вирустық инфекциялармен шатастырып алу ғажап емес. Ал аурудың қабынуы аса қауіпті.

Наталья Помазанова – №1 қалалық емхананың инфекционист-дәрігері:

– Тұмаудың қабынуы вирустық пневмонияға ұласып кетуі мүмкін. Ал жүкті әйелдердің баладан айырылып қалу қаупі жоғары. Тұмау қант диабеті, бронхиалдық астма және жүрек ауруларының асқынуына әкеліп соқтырады.

Тауық ақуызына аллергиясы бар жандар мен жүктілік мерзімі 18 аптадан аспаған әйелдерге екпе жасатуға болмайды. Ал өзгелеріне вакцинаны қазан-қараша айларынан кешіктірмей алған абзал.

Саят Ермек