Спорт

“Qyzyljar” футболшылары ақтаулық “Каспий” құрамасын тізе бүктірді

Спортсүйер қауымға жағымды жаңалық. “Qyzyljar” футбол клубы турнирлік кестенің 1-ші орнына көтерілді.

Жерлес команда өткен сенбі күні сырт алаңда ақтаулық “Каспий” құрамасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіске жетті.
Ойын барысы былай өрбіді: матчтың 1-ші таймында “Qyzyljar” ойыншысы Виктор Гунченко айыптамадан көтерілген допты қарсыластарының қақпасына баспен тура бағыттап, 10-шы минутта алғашқы есепті ашты. Кейін арада тағы 10 минут өткен соң екінші голдың авторы да белгілі болды. Оны құраманың жартылай қорғаушысы Максим Драченко соқты. Осылайша қанжығасын 51 ұпаймен майлаған жерлестеріміз турнирлік кестенің 1-ші орнына табан тіреді. Енді олар қазан айының 20-сы күні өз алаңында өскемендік “Алтай” құрамасын қабылдайды.

Бердимурат Баймухан