Білім

“Өрлеу”-де коворкинг орталығы ашылды

Қажетті оқу құралы, шексіз әрі тегін интернет және пікір алмасатын орта. Бүгін “Өрлеу” ұйымының жергілікті филиалында коворкинг орталығы ашылды.

Қазіргі күні “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығанда 8 бірдей пәннен арнайы курстар өтуде. Оған солтүстікқазақстандық 200-ге жуық ұстаз қатысып жатыр. Олар қаламызда 1 ай көлемінде өз білімдерін толықтырып, жаңа бағдарламаны игереді. Енді мамандарға шеберліктерін шыңдау жеңілдей түсті. Бүгін мекемеде коворинг залы ашылды. Мұнда түрлі кітаптар, компьютерлер, теледидар мен 3D принтер бар. Бұл дүниелерді педагогтар кез келген уақытта пайдаланып, жұмыс істей алады.

Диана Хамитова – Горный негізгі мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, Есіл ауданы:

– Коворкинг орталығының ашылуы курс тыңдаушылары үшін өте жақсы жаңалық деп ойлаймын. Өйткені “коворкинг” деген сөздің өзі бірге жұмыс істеу деген мағынаны білдіреді. Біз бұл бөлмеде бірге жұмыс жасап, пікір алмасамыз. Ал қосымша ақпарат қажет болса компютер жүйесін қолдана аламыз.

Шарада мұғалімдер күнінен орай 5 маман марапатқа ие болды. Солардың бірі – Жанар Мұстафина. Нәзікжанды Есіл ауданының Горный негізгі мектебінде биология пәнінен сабақ береді екен. Биыл оның ұстаздық қызмет атқарып жүргеніне 15 жыл толыпты.

Жанар Мұстафина – Горный негізгі мектебінің биология тілі пәні мұғалімі, Есіл ауданы:

– Бүгінгі марапаттауда біз “Білімді ел” республикалық газетінің 1 жылдық жазылуына ие болып отырмыз. Өте қуаныштымыз. “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығына мұғалімдер дәрежесін көтеру үшін үнемі келіп тұрамыз. Бұл ұстаздарға үлкен көмек.

Шарада біліктілікті арттыру орталығының оқытушылары да назардан тыс қалмады. Бүгін 4 бірдей маман алғыс хатпен марапатталды.

Актолкын Солтанханкызы