Қоғам

Қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

30 жылдан кейін Петропавл қандай болмақ? Бүгін бұл мәселе қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қаралды. Жиынға шаһар әкімі Болат Жұмабеков, қаламыздың құрметті азаматтары мен депутаттар қатысты.

Және қостанайлық «ПРЭКО Консалтинг» компаниясының өкілдері атсалысты. Дәл осы ұйым облыс орталығын дамытудың 2050-ші жылға дейінгі жоспарын әзірлеген болатын. Іске 8 млн теңге бағытталыпты. Жобада көрші өңірдің мамандары ауыл шаруашылығы мен машина саласын өркендету, цифрландыру мен жасыл экономикаға көшуге тоқталған. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын көптеп шығару, білім нысандарын ашуды көрсеткен. Меймандар теріскейде мұндай шаруа тындырылса, Петропавлдың ажары одан әрі ашыла түседі деген ойда. Бірақ, кеңес мүшелері жоспарға қатысты сыни пікірлерін білдірді.

Павел Афанасьев – қалалық мәслихат депутаты:

– Сіз ұсынған стратегияда алға қойылған мақсаттар бар болғанымен сол нәрсеге қол жеткізу механизмі жөнді көрсетілмеген. Машина жасау нысандары мен жоғары оқу орындарын ашуға қатысты іс-әрекет нақтыланбаған. Әрі газды қалай тартуға болады? Оның барлығымен республикалық бюджет айналысады емес пе? Мен сіздің жобаңызбен келіспеймін.

Бердимурат Баймухан