Қоғам

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы

Уақытты талап ететін сансыз анықтамалар. Қажетті құжаттарды алу үшін жұмыстан сұранып, халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ. Бұл шаруа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының көмегімен әжептәуір жеңілдеді. Бүгінде өңірде электронды үкімет арқылы жұмыс істейтін 700-ге жуық бұрыш жабдықталған.

№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің өз жұмысын бастағанына биыл 3-ші жыл. Осы аралықта мекемеде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 400-ден астам бала сауықтырудан өткен. Күн сайын мұнда 35-ке жуық жеткіншек келеді. Кабинетте мамандар мен ата-аналарға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. Яғни, олар электронды үкімет порталы арқылы кез келген мемлекеттік қызметті ала алады.

Бақытжан Қамыспаева, қалалық психологиялық-педагогикалық №2 түзету кабинетінің әлеуметттік педагогы:

– Көптеген ата-аналар қызметтердің арасында қажеттті мемлекеттік қызметтер, мекенжай анықтамасы, сотталмағаны туралы анықтамалар және тағы басқа қажетті анықтамалар ала алады.

Жұмысбасты жандар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының арқасында уақытын үнемдейді. Бір құжат үшін қызмет көрсету орталығына бару керек деп жанталасудың қажеті жоқ.
Бұндай бұрыш өзінің тиімділігін дәлелдеп отыр.

Гүлнәр Жусалина, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

– Азаматтарға электронды мемлекеттік қызметттерді өз еркімен алуға көмектеседі. Олар мектептерде, мемлекеттік органдарда, бюджеттік ұйымдарда орналастырылған. Бүгінгі күні мемлекетттік корпорациямен 500-ден астам оқытту ұйымдастырылып, 2 мыңнан астам қызмет алушы электронды қызметтерді алуға үйретілді.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес кабинетінде де бар. Ал одан жоғары тағы бір психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті орналасқан. Оған балалар аптасына бір рет келеді.

 

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы