Құқық қорғау органдары

Полицейлер рейдтік іс-шара өткізді

Ювеналдық полиция инспекторлары қалада рейдтік іс-шара өткізді.

Тәртіп сақшылары түннің бір уағында дүкендер мен ойын-сауық орталықтарын аралап шықты. Шара барысында олар сағат кешкі 9-дан кейін күштілігі жоғары алкогольді ішімдік сату фактісін анықтап, сауда орнының иесіне айыппұл салды. Сондай-ақ, түнгі уақытта үлкендерсіз қыдырып жүрген жасөспірімдер көзге іліккен. Дереу олардың ата-аналары шақыртылып, әкімшілік хаттама толтырылыпты. Жалпы, жыл басынан бері өңір полицейлері осындай 104 рейдтік шара ұйымдастып, 3 мыңнан астам құқық бұзушылық фактісін тіркеген.

Қуандық Қанжігітов – қалалық ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы:

– Бұл рейдтік іс-шаралар барысында 21:00-ден кейін алкоголь өнімдерін сату, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде жүру фактілері анықталды. Бұл фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар жиналуда.

 

 

Маржан Касымбек