Денсаулық сақтау

Тайынша ауданында компьютерлік томография кабинеті ашылды

Тайынша ауданының көпбейінді ауданаралық ауруханасында компьютерлік томография кабинеті ашылды. Озық жабдық түрлі дерттерді ерте диагностикалауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін дертіне шипа іздеген тұрғындар алыс жолды еңсеріп, облыс орталығына баруға мәжбүр болатын. Енді компьютерлік томографтан өту үшін шалғайға жолға шығудың қажеті жоқ.

Тимур Сұлтанғазиев – СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Биылдан бастап Тайынша аудынының ауруханасы көпбейінді болып жұмысы жасауда. Енді осы арқылы жанындағы аудандардың науқастары осында ем ала алады.

Жоғары сапалы компьютерлік томографты қолдану арқылы тыныс алу, қан айналымы жүйесінің аурулары тәрізді дерттерге ерте диагностика жүргізуге болады.
Әрі қондырғы онкологиялық ауруларды бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді.

Юлия Парамонова – Тайынша аудандық көпбейінді ауданаралық ауруханасының дәрігер-рентгенологы:

– Компьютерлік томографтың көмегімен адам ағзасын толыққанды зерттеуден өткізіп, диагнозды дер кезінде анықтауға болады. Мына кабинеттің жұмыс істеп жатқанына небәрі екі-ақ күн. Осы аралықта 6 науқас тексеруден өтті.

4-уінен ми қан айналымының бұзылуы анықталған. Ал біреуінің жағдайы ауыр болыпты. Оның миынан гематома табылып, дер кезінде ота жасалған. Қазір науқастың жағдай жақсы дейді мамандар.

Негізі, бұл компьютерлік томограф Тайынша ауданына облыстық ауруханадан жеткізілген болаты. Қондырғы – 2013 жылғы. Жабдық 4 өлшемді зерттеулерді орындауымен және аз сәуле жүктемесімен ерекшеленеді. Мұнда күніне 20-25 зерттеу жүргізуге болады.

Ешкенова Дана