МТРА жаңалықтары

Халықаралық инвесторлар апталығы – 2019

Бүгін Петропавлда халықаралық инвесторлар апталығына орай семинар өтті. Мұнда «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері мемлекеттік қызметшілерге инвестиция мәдениетін қалыптастыру мен оның негіздері жайлы дәріс оқыды. Саминарға 10-ға жуық маман қатысып, өз біліктіліктерін арттырды.

Өңірде қарқынды жұмыс жасап тұрған көптеген ірі кәсіпорындар кезінде инвесторлардың көмегі арқылы іске қосылған. Бизнесті дамытып одан әрі мол табыс табу үшін кәсіпкер мен инвестор арасында дұрыс қаржылай көпір құра алу қажет дейді “Астана” халықаралық қаржы орталығының өкілі Нариман Алибаев.

Нариман Алибаев, “Астана” халықаралық қаржы орталығы үздіксіз кәсіби даму бюросының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Қазіргі уақытта жиі кездесетін мәселе – бұл жергілікті жерлердегі кадр сапасының төмен болуы. Инвесторлардың барлығы берілген ақпараттың сапалы болуын қалайды. Бүгінде мәселе біртіндеп шешіліп келеді. Біздің ұйым сол жергілікті кадрларды халықаралық стандарттарға сай деңгейде даярлайды.

Анжелика Ганенко осы семинар аясында біліктілігін арттыруда. Нәтижесінде әріптесімен бірге жоба қорғайды.

Анжелика Ганенко – СҚО қаржы басқармасы бөлімінің басшысы:

– Біздің жобамыз “Миксер-норд” деп аталады. Бұл сауықтыру туризмімен байланысты. Меңгесер көлінің маңында емдік-туристік база ашылғанын қалаймыз. Ол үшін инвесторлардың көмегіне жүгіну керек деп ойлаймын.

Семинар халықаралық инвесторлар апталығына орай ұйымдастырылып отыр. Оған 10-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысты.

 

 

Бердимурат Баймухан