МТРА жаңалықтары

Бүгін – Әділет органдары қызметкерлерінің күні

Бүгін – Әділет органдары қызметкерлерінің күні. Осы орайда саланың бірқатар маңдайалды маманы марапатталды. Оларға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаты табыс етілді.

Шара басында қызметкерлерді кәсіби мерекелеримен облыс әкімінің атынан орынбасары Руслан Әлішев құтықтады.

Руслан Әлішев – СҚО әкімінің орынбасары:

– Сіздер мемлекет басшысы жүктеген міндетті абыроймен атқарып отырсыздар. Баршанызға зор денсаулық пен отбасылық береке тілеймін.

Кейін, Руслан Әлішев бірқатар қызметкерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хатын табыс етті.

Жиында облыстық әділет департаментінің басшысы Мақсат Сатыбалдин сөз алып, әділет органының жеткен жетістіктерін тізіп өтті. Оған қоса салада абыройлы еңбек етіп жүрген мамандар марапатталды. Сот жүйесінде 40 жылдан астам тер төккен Светлана Дорофеева қазір жеке сот орындаушысының көмекшісі болып қызмет атқаруда.

Светлана Дорофеева: әділет органдарының ардагері:

– Мен сот жүйесінде 42 жыл жұмыс істедім. Қазіргі күні зейнеттемін. Бірақ, үйде көп отыра алмадым. Адамдарға өз пайдамды тигізгім келеді. Сол себепті, жеке сот орындаушысының көмекшісі болып қызмет атқарамын.

Кейін, әділет органдары қызметкерлері күніне арналған жиынның соңы қайырымдылық концертпен жалғасты.

Айта кетейік, қайырымдылық концерттен түскен қаражаттың барлығы “Өмірге сен” қорына аударылатын болады. Жиналған ақша сирек кездесетін генетикалық жүйке-бұлшық ет ауруымен ауыратын жандардың еміне жұмсалмақ.

 

 

Маржан Касымбек