Мәдениет

Суреттер көрмесі өтеді

Ертең облыстық тарихи-өлкетану музейінде суретшілер көрмесі өтеді. Ең қызығы, теріскейліктер қылқалам шеберлерінің туындыларын кешкі 8-ден бастап, түнгі 3-ке дейін тамашалай алады. Жалпы, көрмеде 100-ге жуық шығарма паш етіледі. Сондай-ақ, “Ботай – ұлы дала мәдениеті” атты Халықаралық суретшілер симпозиумы қатысушыларының ең үздік туындылары да қойылады екен.
Айта кетейік, көрме қыркүйектің 27-сінен қазанның 15-сіне дейін жалғасатын болады.

Гүлнара Мұқышева – СҚО мұражайлар бірлестігінің директоры:

– Ертеңгі көрмеде Халықаралық симпозиумның жеңімпаздары салған суреттер паш етілетін болады. Жалпы, симпозиумға елімізден бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдің тәжірибелі суретшілері қатысқан болатын. Қылқалам шеберлері өңіріміздің тарихи мекендерімен танысып, алған әсерлерін 10 күн ішінде қағаз бетіне түсірді. 

Маржан Касымбек