Құрылыс

Аймақ басшысы Бескөлдегі құрылыс барысымен танысты

Қызылжар ауданында “Ауыл-ел бесігі” бағдарламасы аясында мектептер пен мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, 11 шақырым жол қалыпқа келтірілмек. Сондай-ақ, Пеньково селосында 500 баспана бой көтереді. Ауқымды өзгерістер облыс орталығында да орын алмақ. Биыл Петропавлда алғашқы 18 қабатты үй қолданысқа тапсырылмақ. Алайда, жұмысқа мердігерлердің барлығы бірдей жауапты қарамайтын көрінеді.

Қызылжар ауданында әлеуметтік аз қамтылғандар санатындағы 600 азамат қазір армандаған баспанасына қол жеткізу үшін кезекте тұр. Тұрғын үй қорындағы тапшылықты мына 40 пәтерлі үй жоюға септеседі. Учаскедегі жұмыс енді басталып жатыр. Ал, 2020-ның көктемінде аудан орталығындағы алғашқы 5 қабатты үйдің иелері қоныс тойын тойламақ. Жобаның құны – 440 млн теңге. Баспанаға тиісті коммуникациялар тартылады. Жайлылығы бойынша шаһардағы пәтерлерден кем түспейді.

Жанат Сәдуақасов – Қызылжар ауданының әкімі:

– Шаруа Елбасының «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілуде. «Мирас» балабақшасына дейін 1,5 шақырым болатын жаңа жылу желілерін өткіземіз. 3 жылдың ішінде біз 20 мың шаршы метрді қамтыдық. Яғни, 70 нысан қосылды. Өткен жылы 21 ғимаратқа жылу желілері тартылса, биыл бұл көрсеткіш 70-ті құрамақ.

Сондай-ақ, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында мектептер, мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтпек. Дәл осындай шара 11 шақырым жолды да күтіп тұр. Тағы Бескөлде 20 шақырым су таратқыш желілер орнатылатын болады. Осылайша, аудан орталығының 2 мыңдай тұрғыны тіршілік көзімен қамтылмақ. Қызылжар ауданындағы Пеньково селосында да бірқатар өзгерістер орын алады. Көрші жатқан Белое ауылына қарай жаңа аудан пайда болмақ. Оның аумағы тіпті бір елді мекенмен тең келеді деуге болады. 80 га жерде инфрақұрылыммен қамтылған 500 үй тұрғызу – жоспарда. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Жанат Сәдуақасов – Қызылжар ауданының әкімі:

– 159 план 02-03 Қазір осы жобаны іске асыру бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және мердігерлермен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл жерде дәрігерлік амбулатория, балабақша мен мектеп бой көтереді деп жоспарлануда. Жоба 5 жылға шақталған.

Бір сөзбен айтқанда, Қызылжар ауданы көркейетін болады. Айтарлықтай жаңашылдықтар облыс орталығында да орын алады.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Биыл Жұмабаев көшесінде білім ошағына арналып 57 үй сүрілді. Қазір мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қыста осы аймақтағы тұрғын үй секторы бұзылатын болады. Көктемде 4 бірдей 9 қабатты баспана тұрғызылады. Аула тиісінше аббаттандырылады. Тағы 2020 жылы 3 емхананың кірпіші қаланады. Емдеу мекемелері Бескөл мен Новоишим ауылдарында және Петропавлдағы Береке ықшам ауданында бөй көтермек.

Кей нысандардың құрылысы жоспарға сай жүргізіліп жатса, енді бірінде шаруа мүлдем тоқтап тұр. Мәселен, Жас Өркендегі қазақ театры биыл алғашқы көрермендерін қарсы алуы тиіс болатын. Бірақ, елордалық мердігерлер өнерсүйер қауымның үмітін ақтамады.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– 17 Театрдың құрылысына келетін болсақ, тендерді жеңіп алған компания шаруаны мардымсыз жүргізіп жатыр. Шаруаның жүйелі атқарылуын қамтамасыз ете алмауда. Жұмыс тоқтап тұр. Қазір мердігерлерге қатысты тиісті шара қолданылуда. Өкінішке қарай, әлін білмей байқауларға қатысып, кейін білдей бір жобаның жүзеге асуын тежейтін компаниялар бар.

Айта кету керек, биыл Петропавлда алғашқы 18 қабатты үй қолданысқа тапсырылады. Аймақ басшысы сөз соңында облыс орталығының әрбір шаршы метрі тиімді пайдаланылуы тиіс деді.

Эльмира Садвокасова