Мәдениет

Шаһарда әдеби-музыкалық кеш өтті

Тіл – татулық тірегі. Осындай атаумен бүгін С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада әдеби-музыкалық кеш өтті. Шара дәстүрлі тілдер фестиваліне орай ұйымдастырылған.

Әдеби-музыкалық кештің шымылдығы Абай атамыздың “Өзгеге көңілім тоярсың” атты әнімен ашылды.

Кейін облыстық филармония әншілері бірінен соң бірі домбырамен танымал туындыларды орындады.
Шарада мектеп оқушылары да туған елге, тілге арнап өлең шумақтарын оқыды. Солардің бірі – Диас Аяған. Жыр жолдарын жазып әрі мәнерлеп оқуды жаны сүйеді. 13 жасынан бері қалам тербеп жүр. 3 жылдың ішінде түрлі тақырыпта 30-дан астам өлең шығарған. Ал бүгінгі кешке арнап 5 шумақтан тұратын “Қазақ тілі” атты туынды жазыпты.

Диас Аяған – жас ақын:

– Тілдер мерекесі барлығымыз үшін ортақ. Сол мерекеге орай мен туған тіліме арна өлең шығардым. Жалпы бұнда қазіргі қазақ тілінің беделі туралы жаздым.

Жиында білімді де белсенді жастар тілді құрметтеу туралы пікірлерін білдірді.
Шара соңында “Тіл байлығы – ой байлығы” атты шағын кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ешкенова Дана