Балалар

Мектеп орман шаруашылығының VIII слеті өтті

Қоршаған ортаның жанашырлары бас қосты. Бүгін облыс орталығында мектеп орман шаруашылығының VIII слеті өтті. Шараға қатысуға өңіріміздің түпкір-түпірінен 12 құрама келген. 60-тан аса ұл-мен қыз түрлі тапсырмалар орындап, көрме ұйымдастырды.

Квест ойыны басталып кетті. Құрамалар әр тарапқа бөлініп берілген тапсырманы жылдам әрі сапалы орындау үшін барларын салуда. Бұл тұста қатысушыларға қоршаған орта, география және Қызыл кітапқа байланысты сұрақтар қойылды. Ал мында оқушылар бір ыдысқа су толтырып, оны сызғыштың көмегімен келесі нүктеге жеткізулері қажет. Жиылған судың мөлшері көп болса, сәйкесінше баға да жоғары болады.
Ал келесі жақта ұл-қыздар жасырылған 5 хатты іздеп жүр. Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт берілген.
Өрендер ереже бойынша топпен қол ұстасып жүрулері тиіс.

Дариға Смаилова, “Лесные рейнджеры” командасының мүшесі, Шал ақын ауданы:

– Квестті толығымен өткен жоқпыз. Бірақ маған қаттты ұнаған тапсырма жұмбақтарға жауап беру болды. осы квесттің арқасында топта ұйымшылдық пайда болды. Өзім бүгінгі шараға осымен екінші рет қатысып тұрмын.

Түстен кейін оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырады. Қатысушылар бұған тиянақты дайындалыпты. Олар өздерімен плакат, ағаштан жасалған заттар мен түрлі қолөнер жұмыстарын ала келген. Бұл соңы емес. Тағы, командалар қоршаған орта туралы жазған жобаларын қорғаулары тиіс. Бұл – үй тапсырмасы.

Виталий Шеминг, облыстық жастар мәслихатының төрағасы:

– Бүгінгі шара осымен 8-ші рет өткізіліп отыр. Биылғы ерекшеліктердің бірі – слеттің жарыс түрінде ұйымдастырылуы. Мақсат – жас ұрпақтың қоршаған ортаға қатысты түсінігін молайтып, балалардың білімін сұрақтар арқылы сынау.

Негізгі 3-бөлім аяқталысымен қорытынды мәлім болады. Жеңімпаз бен жүлдегерлер қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Актолкын Солтанханкызы