Қоғам

Ерте жүктіліктің алдын алу

Кәмелетке жетпей жатып бойына бала бітсе бұл ана үшін де, сәби үшін де қасіретке апаруы мүмкін. Оның алдын алу үшін нені білген жөн?

Осы орайда бүгін И.Шухов атындағы қалалық кітапханада іс-шара өтті. Оған қалалық колледждердің студенттері қатысты. Қазіргі заманда нәпсінің жетегіне еріп, ойнап жүріп от басып қалған жастар баршылық. Жиында психолог маман колледж студенттеріне кәмелетке толмай балалы болудың ар жағы неге әкеліп соқтыратынын түсіндіруде. Мұндай шара осымен 6-рет ұйымдастырылып отыр. Оған 15-ке жуық жас қатысты. Жиынның соңында жастар мамандарға өз сауалдарын қойып, жауап алды.

Ғалия Баязитова – «Көмек» тренинг орталығының жетекшісі, психолог:

– Ерте жүктілік жасөспірімдердің психологиясына байланысты орын алуы мүмкін. Оған ата-ана тәрбиесі және өзінің жүрген ортасы да көп әсер етеді.

Бердимурат Баймухан