Қоғам

Прокурорлар “Заң керуені” акциясын қорытындылады

Өңірдің қадағалаушы орган өкілдері қазір жұртшылыққа жақын болу қағидатын ұстануда. Осы орайда шілде айынан «Заң керуені» акциясын қолға алып, облыс орталығы мен Қызылжар ауданында азаматтарды қабылдау өткізді. Шара барысында теріскейліктер мамандарға шешілмей жүрген проблемаларын жеткізіпті.

Алғаш рет шара Қызылжар ауданында ұйымдастырылды. Әрбір елді мекенге өңір прокурорлары барып, күн бойына азаматтық қабылдау өткізді. Мамандарға жеткізілген сауалдар көп. Айта-айта жауыр болған, жол мен су мәселесі әлі де өзекті. Күн тәртібінен түспейтін бұл сұрақтар қатарына ауылдарды Бескөлмен байланыстыратын автобустың жоқтығы да қосылды. Мәселен, Куйбышев, Петерфельд пен Якорь селолық округ тұрғындары ұзақ уақыт бойы Петропавл түгілі, аудан орталығының өзінен қол үзіп қалған екен. Екі арада қатынайтын көліктің болмауы біраз проблема тудырған көрінеді. Абырой болғанда, мәселелер шешімін тапты.

Ғалымжан Әубәкіров – Қызылжар ауданының прокуроры:

– Бүгінде Куйбышев селолық округ тұрғындарына Петропавл мен Владимировка ауылының арасында қатынайтын автобус қызмет көрсетеді. Петерфельдіктер үшін де тамыз айында мәселе оңынан шешілді. Ольшанка селосының азаматтары енді шаһар мен елді мекенді байланыстыратын қоғамдық көлік қызметін пайдалана алады. Ол күніне 3 мәрте жолға шығады.

Ал Трудовая Нива тұрғындары болса, енді суды ішпес бұрын тұндырып, тазартып әлек болмайды. Сапалы тіршілік көзімен қамту үшін бюджеттен 5,2 млн теңге бөлініпті.

Ғалымжан Әубәкіров – Қызылжар ауданының прокуроры:

– Вагулино және Петерфельд селолық округіндегі ауыз судың сапасы Соколов топтық су торабының жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін артатын болады. Аталған мақсатқа 6,9 млрд теңге қаржы қарастырылған. Жоба іске асырылғаннан кейін Кустовое, Красноярка, Бугровое елді мекендері таза тіршілік көзімен қамтылады.

Ауылдықтар тағы тегін дәрі-дәрмекті алу үшін ат терлетіп Бескөлге бару қажеттігін айтыпты. Бұған барлығының бірдей шамасы жетпейді. Сондықтан, қазір шаруа әлеуметтік қызметкерлерге жүктелген. Бұл да – прокурорлардың арқасы. Қадағалаушы орган өкілдеріне жеткізілген проблемалардан бүгінде аудан басшылығы хабардар. Бірқатары шешілсе, қалғандары Қызылжар ауданын дамытудың бағдарламасына енгізілді. Ауқымды жұмыс Петропавлда да атқарылған болатын. Тамыздың 29-ы шаһарда қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Препараттарға қол жеткізе алмау мәселесі Заречный кентінің тұрғындарында да бар екен. Мұнда бірде-бір дәріхана жоқ.

Князь Валиев – Петропавл қаласы прокурорының орынбасары:

– Заречный кентінің тұрғындары 01-15 Ол сұрақтардың барлығы қала және облыс әкіміне жолданды.

Заречный кентіне қаланың орталығынан 2 қоғамдық көлік қатынайды. Бірақ, олардың жүрі жиілігі тым ұзақ көрінеді. Әзірге, шаһар бойынша оңынан шешілген мәселелердің статистикасы жоқ. 163 қала тұрғыны жеткізген 102 проблема – қазір әкімдіктің қарауында. Сұрақтың шешіміне кірісу үшін прокурорлар екі ай уақыт берген. Кейін олар атқарылған шаруаны жер-жерге барып тексереді.

Эльмира Садвокасова