МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы ситиквест

Тапқырлық пен шапшандылық! Бүгін Петропавлда мемлекеттік қызметшілер арасында ситиквест ойыны өтті. Оған барлық аудан өкілдері қатысты. Әр құрамада үш адамнан. Мамандар күні бойы кроссворд, анаграмма мен шығармашылық тапсырмаларды орындады.

Бұл жердегі адамдар қылқалам шеберлері деп ойлап қалмаңыздар. Олардың барлығы да мемлекеттік қызметшілер. Дәл қазір мамандар ситиквесттің соңғы турынан өтуде, сол себепті “Жеңіске – электрондық қызметтермен бірге” атты тақырып аясында сурет салулары тиіс. Мәселен, Есіл ауданының құрамасы жұмыстарын аяқтауға жақын. Олардың сөзінше жақсы нәтижеге жету үшін ең бастысы ұйымшылдық қажет.

Әлібек Байзақов – Есіл ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы:

– Есіл ауданынан келдік. Құрамамызда 3 адам бар. Дәл қазір электондық қызметтерге қатысты сурет салып жатырмыз.

Ал мына жерде Ақжар ауданының құрамасы сурет салып жатыр. Түрлі түсті бояуларды қолдана отырып, қазіргі заман игіліктерін плакат бетіне түсіруде.

Әділетхан Қабдеш – Ақжар ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

– Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстан цифрландуға көшуі тиіс. Осы мақсатта халыққа барлық жағдай жасалған.

Жалпы, мемлекеттік қызмешілер арасында ситиквест ойыны алғаш рет ұйымдастырылуда. Оның басты мақсаты – электронды мемлекеттік қызметтерді халыққа насихаттау. Мәселен, ойынның 7 кезеңі де цифрландыруға қатысты болды. Қатысушылар кроссворд, анаграма, шығармашылық тапсырмаларды орындады.

Индира Баженова – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:

– Бүгінгі ситиквет бірінші рет ұйымдастырылды. Оған барлығы 13 ауданның құрамалары қатысты. Жалпы ойын 7 кезеңнен тұрды.

Айта кетейік, ситиквест ойының қорытындысы бойынша Аққайың ауданының құрамасы үздік атанды.

Ешкенова Дана