Денсаулық сақтау

Петропавлда “SMILE ROOM” косметикалық тіс ағарту кабинеті жұмыс істейді

Тісіңіздің аппақ болғанын қалайсыз ба? Ендеше “Smile ROOM” деп аталатын тіс ағарту студиясына жүгінсеңіз жеткілікті. Мұндағы маман тың технологияны қолдана отырып, күмістей күлкі, маржандай аппақ тіс сыйлайды десе артық айтқандық емес. Орталық қызметіне деген сұраныс көп сияқты. 3 айдың ішінде мұнда 150-ге жуық адам келіпті.

Қара шай, кофе, темекі – бұлардың барлығы тісті сарғайтатын факторлардың бір бөлігі ғана. Күнделікті жейтін тағамның құрамындағы қоспалар да тістің сарғаюына әкеледі. Одан қалай құтылуға болады? Мәселен, тісті ағарту міндетті терапиялық процедура тобына жатпайды. Бірақ, қазіргі заманда тістерінің түсіне көңілі толмаған адамдар тиісті мамандарға жиі жүгініп жатады.

Евгения Трофимова – тіс ағарту маманы:

– Қазіргі кезде адамдар тістеріне жиі көңіл бөліп жатады. Бұл қуантарлық жағдай. Себебі, сарғыш тартқан, сұрланып кеткен тістер адамды кәдімгідей ыңғайсыз күйге түсіреді.

Тістің сарғыштығынан оңай құтылуға болады. Ол үшін “SMILE ROOM” косметикалық тіс ағарту кабинетіне жүгінсеңіз жеткілікті.

Евгения Трофимова – тіс ағарту маманы:

– Тісті ағартудың бірнеше түрі бар. Олар – лазер, химия, фотоағарту және гель. Белгілі бір көрсеткіштерге байланысты тиісті әдіс тағайындалады. Соның ішінде ең тиімдісі арнайы жасалған гель арқылы. Мәселен, “SMILE ROOM” компаниясы тіс ағартуға арналған Пероксид Карбамида гелін ғана қолданады. Мысалы, бірінші процедураның өзінде тісті 16-18 реңкке дейін ағартуға болады.

Жалпы, “Smile ROOM” – бұл инновациялық америкалық технология бойынша тістерді ағарту студияларының желісі. Қазақстанда бұндай студиялар тек үш қалада ғана орналасқан екен. Олар Нұр-Сұлтан, Өскемен және Петропавлда. Біздің шаһарда “Smile ROOM” тіс ағарту кабинеті небәрі 3 ай ғана жұмыс жасайды. Бірақ, осы аралықтың ішінде 150-ге жуық теріскейлік тістерін ағартып үлгерген екен. Солардың бірі – Инна Мокрушина. Нәзікжанды бұнда екінші рет келіп отыр.

Инна Мокрушина – қала тұрғыны:

– Қаламызда осындай тіс ағартатын кабинет бар екенін интернет арқылы білдім. Осында жүгініп көрейін деп шештім. Бүгін міне екінші рет келіп отырмын. Бірінші рет бір ай бұрын келгенмін. Алғашқы процедурадан-ақ тістің ағарғаны байқалады. Барлығы көңілімнен шықты. Енді тістерім маржандай болатын болды.

Айта кетейік, Петропавлда “SMILE ROOM” косметикалық тіс ағарту кабинеті Жамбыл Жабаев, 142 мекенжайындағы “Селфи” әсемдік салонының ішінде орналасқан. Тісіңізді ағартқыңыз келсе (8-777-336-04-35) мына байланыс телефонына хабарласып, жазылуға болады.

Дана  Ешкенова