Білім

Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды

Салтанатты жиын Заречный кентінде орналасқан №13 орта мектебінде де өтті. Мұнда 1-ші сыныпқа 14 балғын қабылданды. Білім ошағында қазірде 200-ге жуық бала оқиды, оның 23-і – ерекше қажеттіліктері бар ұл-қыздар.

Қыздардың басында – ақ бантик, ұлдар мойындарына галстук байлаған. Үстерінде – шырт жаңа мектеп формасы. Олардың биылға қойған мақсаттары – озат оқушы атану.

Міне, бұл 14 бала бірінен-бірі асқан дарынды. Ән де айтады, билеп те береді.

Биыл бұл мектепті 7 бала аяқтайды. Оның 6-уының тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар. Бірақ, бұл олар үшін болашаққа талпыныс жасауға кедергі емес. Өз-өздеріне сенімді, жігерлі жастар келешекте бір-бір мамандық иесі атанғылары келеді.
Енді, дәстүрге сай 11 мен 1-сынып оқушылары алғашқы қоңырау соқты. Бұл -оқу жылы басталғанының нышаны.

Қазір балалар алғашқы сынып сағатында отыр. Мұнда полиция қызметкері балғындарға жол жүру ережесін түсіндіріп, көшеде қырағы болу қажет екенінін жеткізуде. Балалар қазірдің өзінде үлкен мамандық иесі болуды армандайды. Олардың бірі ұстаз боламын десе, енді бірі тәртіп сақшысы атанғысы келеді.

Юлия Маламенко, №13 орта мектебінің 1-ші сынып оқушысы:

– Мысалға, мен ветеринар болар едім. Өйткені, жануарларды жақсы көремін. Оларға қамқорлық көрсету керек. Сол себепті, мектепте жануарлар әлемін зерттеуге арналған сабақтар мен үшін өте қызықты болмақ.

Ата-аналар қауымы өз кезегінде балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Ғалия Стомкина, ата-ана:

– Барлық оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Менің үлкен қызым 10-сыныпта оқиды, екіншісі мектеп табалдырығын алғаш аттап жатыр. Сабақтарын жақсы оқиды деген сенімдемін. Өзім де қолдау көрсететін боламын.

Жалпы, №13 орта мектебінде барлығы 200-ге жуық оқушы білім алады. Оның 23-і – ерекше қажеттіліктері бар балалар.

Актолкын Солтанханкызы