Аптадағы маңызды жаңалықтар

Президент жолдауын халық бірауыздан қолдауда

«Мықты Президент, Беделді Парламент, Есепті Үкімет». Біздің саяси жүйеміз дәл осы тұжырымдамаға негізделуі қажет. Халыққа арнаған жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осылай деді. Маңызды құжатта бұған жетудің жолдары айқындалған. Президент ұсынған бастамаларды жүзеге асырып, елімізді жаңа деңгейге көтеру жолында тер төгуге солтүстікқазақстандықтар дайын.

Әрбір үй мен мекемеде теледидар қосулы. Жұртшылықтың назары – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында. Маңызды құжат мемлекетті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Ол үшін не істеу қажет? Алдымен, билік пен халық арасындағы алшақтықты жою қерек. Қоғамдағы әрбір проблема тыңдалып, шешімін табуы тиіс. Бірақ, көшелерде емес, Парламентте деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– В Администрации Президента создан отдел, который будет следить за качеством расмотрения госорганами обращений граждан, принимать по ним оперативные меры. Зачастую люди вынуждены обращаться к Президенту вследствие “глухоты” и закрытости чиновников в центре и на местах.

2020 жылдан бастап өз жұмысын толыққанды орындай алмайтын мамандардың қысқартылатыны да тілге тиек етілді. Осылайша, 2024-ке дейін ұлттық компаниялар мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің саны 25 пайызға азаяды. Ал үнемделген қаражат есесіне өнімділігі жоғары мамандардың жалақысына қосылатын болады.

Азаматтардың құқықтарының қорғалуы да күшейтілетін болады. Ауыр қылмыстарға қатысты заң жүйесіне өзгертулер енгізілмек.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Нужно в срочном порядке ужесточить наказание за сексуальное насилие, педофилию, распространение наркотиков, торговлю людьми, бытовое насилие против женщин и другие тәжкие преступления против личности, особенно против детей.

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Көпті мазалайтын сауалдың тоқ етерін мемлекет басшысы жолдауында айтты. Есесіне, берілген учаскені тиімді пайдалануды естен шығармаған жөн. Қуантарлығы – сайлауалды бағдарламада көрсетілген әрбір пункт жолдаудан орын тапты дейді жерлестеріміз. Жай ғана аталып өтілмей, сол саладағы проблемаларды шешудің жолдары көрсетілді. Енді сөзден тікелей іске кірісу қажет.

Юрий Белоног – облыстық аурухананың бас дәрігері:

– Зейнетақы жүйесінде де бірқатар өзгерістің орын алуы мүмкін. Ол бастама кез келген қазақстандықтың көңілінен шығады деген ойдамын. Яғни, зейнетке шыққанша дейін азаматқа қордағы қаражатты жұмсау қарастырылатын болады. Оңды-солды шашу емес, үй сатып алуға немесе оқу ақысын төлеу үшін мүмкіндік берілмек.

Ел Президентінің халыққа жолдауын Айтыкан Калгаева да мүлк етпей тыңдап отыр. Нәзікжанды кәсіпкерлік саласындағы алғашқы қадамдарын осыдан 15 жыл бұрын бастапты. Ол кезде қиындықтар көп болды дейді. Ал қазір мемлекет тарапынан қолдау мығым. Ол – ол ма, Қасым-Жомарт Тоқаев кіші және орта бизнес өкілдеріне тағы бірнеше жеңілдік жасамақ.

Айтыкан Калгаева – кәсіпкер:

– Үш жылдың ішінде кәсіпкерлерді тексермейді және салықтан босатады. Менің ойымша, бұл бизнесмендер үшін керемет. Сондықтан, кәсіпкерлер берілген жағдайды қолданып, бизнестерін бастаулары қажет.

Іскер жандарға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған бұл қадамның жемісін 2020 жылдан бастап байқау мүмкіндігі бар. Сондықтан, тұшымды идеясы бар қазақстандықтардың құлағына алтын сырға! Дәл қазір – жеке бизнесті ашудың оңтайлы сәті.

Эльмира Садвокасова